Ішкі істер министрлігі ата-ананың жиі жіберетін 5 қателігін атады

Отбасындағы жанжал баланың сенімсіз, жасық болып өсуіне себеп болады.

Фото: istockphoto

Ішкі істер министрлігі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін ересектердің бес қателігн атады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қараусыз қалдыру ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда туындайтын басты қауіптердің қатарында жол апаты, балалардың терезеден құлап кетуі, су айдындарында қаза табуы бар. Жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 50 жағдай тіркелді, оның төртеуі өліммен аяқталған. Көлік қағуы салдарынан 22 бала көз жұмып, 1 386-сы жарақат алған. Одан бөлек, 10 бала суға батып кеткен.

Баланың кіммен араласатынын қадағаламау оның жаман ортаға түсуіне себеп болуы мүмкін. Ата-ананың немқұрайлылығы жасөспірімдердің күмәнді адамдармен уақыт өткізуіне, құқықбұзушылық жасап, психоактивті заттарды қолданып, девиантты мінез-құлықты көрсетуіне дейін жеткізуі әбден ықтимал.

Отбасындағы жанжалдар, қолайсыз психологиялық ахуал мен ата-ананың теріс мінез-құлқы да балалардың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Әдетте үйдегі ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылық кәмелетке толмағандардың бойында сенімсіздік, тұрақсыздық тудырып, ынжық және жасық мінез-құлықтың қалыптасуына себеп болады.

Интернет пен гаджеттерге еркін қол жеткізуі де қауіпті. Ата-аналар баласының телефонды немесе планшетті қалай пайдаланатынын бақыламаса, ол баланың қауіпті интернет қауымдастықтарға тартылуына, зорлық-зомбылықты насихаттайтын тыйым салынған контентті көруіне және күмәнді адамдармен байланыс орнатуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар балаларға қатысты кибербуллинг пен зорлық-зомбылықтың орын алуына себеп болады.

Тәрбиелеу функциясын ұмыту және жеке үлгінің маңызын елемеу – ата-аналардың тағы бір үлкен қателігі. Кейбір ата-аналар балаларды мұғалімдер тәрбиелеуге тиіс деп есептейді немесе баланың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзі түсінеді деп қате ойлайды. Бұл — моральдық-этикалық құндылықтардың бұзылуына және девиантты мінез-құлықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-10
Утром3.9 ℃
Днем16.22 ℃
Вечером15.39 ℃
Ночью10.3 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.94 м/с
2026-05-11
Утром8.59 ℃
Днем15.99 ℃
Вечером14.28 ℃
Ночью12.63 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра6.78 м/с