Орал қаласының орталығында кесілген ағаштардың орнына жөке ағашы, сетен және талшын отырғызылады
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында қала көшелеріндегі ағаштарды жаппай кесу Орал тұрғындарының наразылығын тудырды. Қала тұрғындары қала билігінен түсініктеме талап етті. Белгілі болғандай, ағаштар қаланың экологиялық кеңесі қабылдаған шешімдер негізінде кесіледі.

Қала әкімдігінің ТКШ бөлімінде экологиялық кеңестің биылғы 27 наурыздағы хаттамасына сәйкес биологиялық мерзімі өткен ағаштарды кесу туралы шешім қабылданғаны хабарланды.
Ағаш кесу үшін «Қазақтелеком» АҚ ғимаратының алдында және қала әкімшілігі ғимаратының жанында орналасқан ағаштар анықталып, оларды кейіннен жапырақты көшеттерге ауыстырды.
— Осылайша, экологиялық кеңестің ағымдағы жылғы 14 сәуір, 8 мамырдағы тексеру актісі негізінде «Нұртем» ЖШС мердігерлік ұйымына ағаштарды кесуге ұйғарым берілді, — деп хабарлады қаланың ТКШ бөлімі.
ТКШ-да кесілген 39 қарағаштың орнына «Қазақтелеком» ғимаратының алдына және «Одақ үйі» ғимаратының жанына биіктігі 4-4, 5 метр жөке ағашын отырғызу жоспарланғанын түсіндірді. Қалалық әкімдік ғимаратының жанына 36 талшын ағашы отырғызылады.

Өткен демалыс күндері жаңа ағаштар отырғызыла бастады. Дина Нұрпейісова көшесіне 14 сетен, 16 жөке ағашы және 21 талшын көшеті отырғызылды. Қала әкімдігі терек отырғызу күз басталғанға созылатынын хабарлады.
Мария ДРАЧЕВА, Темірлан Иманғалиевтің түсірген суреті
