БҚО-да демалыс күндері жол апатынан бес адам қаза тапты
Тоғыз адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері облыста үш адам қайтыс болды. Бірінші апат 25 мамырда сағат 16:50-де Алмазный ауылының маңындағы «Самара-Шымкент» тас жолында болды. Toyota Camry 60 жүргізушісі бетпе-бет Toyota Camry 40 көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Toyota Camry 60 жолаушысы және Toyota Camry 40 екі жолаушысы. Жүргізушілер мен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілген төрт адамның екеуі облыстық көпсалалы ауруханаға жіберілгенін, біреуіне ауыр жағдайға байланысты санитарлық авиация шақырылғанын хабарлады. Тағы бір науқас амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді.
Сондай-ақ, Барбастау кентінің жанындағы «Самара-Шымкент» тас жолында Газель жүргізушісі рульге ие бола алмай жол бойында жүрген жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол сол жерде қайтыс болды.
Үшінші ЖКО 26 мамырға қараған түні Орал-Атырау тас жолында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылды. Салонда алты адам болды, барлығы бір отбасының мүшелері. Қайғылы оқиға орнында 16 жасар қыз қайтыс болды. Қалған зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.
