«Мал жаятын жер жоқ»: Орал маңында жайылымдық жер тапшы

Жайылымдар, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. 

Ашық дереккөзден

Жасыратыны жоқ, Қазақстанда жер көп, бірақ мал жаятын жайылым жоқ. Оны айтып жүргелі қашан? Жер көлемі бойынша біздің ел әлемде  9-орында. Жайылым жердің көлемі бойынша 5-орында екенбіз. Солай бола тұра, ауылдағы ағайын мал жаятын жайылымнан, шөп шабатын шабындықтан таршылық көреді. 

Қоғамдық кеңесте Орал жер қатынастары бөлімінің басшысы Мирас Мұхитов баяндағандай, Орал қаласының жалпы аумағы-73 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлерге 13 мың гектарға жуығы келеді.

— Қазіргі уақытта Орал қаласының кенттік округтерінде 2 510 бас ірі қара, 5 174 бас ұсақ мал және 568 жылқы бар. Жеке аулаларда мал басының өсуіне байланысты кейбір кенттердегі 23 мың гектар жайылымдық жер тапшылығы байқалады, — деп түсіндірді Мирас Мұхитов.

Оның айтуынша, бұл проблемаларды шешу үшін мемлекеттік қордан жайылымдық жерлерді ұтымды бөліп, елді мекендердің жерлері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және Орал қаласының босалқы жерлері есебінен жайылым алаңдарын ұлғайту қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы жайылымдық жер тапшылығына топырақтың ескіріп, инфрақұрылымның дұрыс дамымауы және жеке мақсатта өсірілетін мал басының көбеюі әсер еткен. 

Ауыл-аймақ маңайындағы жерлердің жекеге сатылып кетуі мен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару процесінің сағызша созылуы бәрінен бұрын шаруаға батады. Сондықтан тиісті органдар заңда бекітілген міндеттерін лайықты орындап, өз жауапкершіліктерін арттырса нұр үстіне нұр. Жайылымдық жерлерді шешу – уақыт күттірмейтін мәселе.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-11
Утром-22.68 ℃
Днем-14.82 ℃
Вечером-17.56 ℃
Ночью-21.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.18 м/с
2026-02-12
Утром-18.4 ℃
Днем-12.12 ℃
Вечером-14.1 ℃
Ночью-13 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.53 м/с