Қазақстанда ақылы жолдың ақысы қайта қаралады

Ресми мәлімдеме бүгін, 2025 жылдың 28 мамырында Министрліктің Telegram-каналында жарияланды.

inbusiness.kz

Қазақстанның Көлік министрлігі ел тұрғындарына қуанышты жаңалықпен үндеу жолдады. Хабарламада айтылғандай, департамент ақылы жолдардың ақауы бар учаскелерінде жол жүру ақысын алып тастамақ, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресми мәлімдеме бүгін, 2025 жылдың 28 мамырында Министрліктің Telegram-каналында жарияланды

Онда былай жазылған:Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды.

Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром3.44 ℃
Днем8.69 ℃
Вечером10.14 ℃
Ночью5.45 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.36 м/с
2026-04-22
Утром2.89 ℃
Днем8.93 ℃
Вечером12.24 ℃
Ночью8.58 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.32 м/с