ҚМА төрағасының орынбасары Қазақстаннан 30 жылда қанша ақша ұрланғанын айта алмады

Статистика жөнінде айтар болсақ, 2024 жылдан бері бүгінгі күнге дейін 420 млрд теңге мемлекет есебіне қайтарылды. 200 млрд теңге мөлшерінде қылмыстық кірістер анықталды.

adyrna.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қазақстаннан 30 жылда қанша ақша ұрланғанын айта алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісте бүгін қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр. Талқылау барысында мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров оған екі қайтара осы сұрақты қойған. Елемесов Активтерді қайтару комитеті бұл сұраққа егжей-тегжейлі жауап бере алатынын айтқан. Алайда бұл жауап Сайыровтың көңілінен шыққан жоқ.

САЙЫРОВ НЕ ДЕЙДІ

Менің сұрағым нақты еді. Қазақстан ішінде комитеттің жұмыс істеп жатқаны белгілі. Біз де олармен жұмыс жүргізіп отырмыз. Бізде халықтан келген сұрақ бар: 30 жылдан бері Қазақстаннан шет елдерге қанша актив заңсыз жолмен шығарылды? Қаржылық мониторинг агенттігі осы активтерді қайтару үшін не істеп жатыр? Егер ондай мәліметтер бізде жоқ десеңіздер, онда дәл солай айтыңыздар. Бірақ егер сіздерде мәлімет болмаса, бұл жағдайды білмейсіздер деген сөз, – деп өткір айтты Сайыров.

Ерлан Сайыров Қаржылық мониторинг агенттігінің құзіреттігіне күмән келтіре сөйледі. “Құзірет жетпесе, біздің бәріміз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек, аудит жүргізу керек” деді ол.

ЕЛЕМЕСОВТІҢ ЖАУАБЫ

Жеңіс Елемесов 30 жылдан бері қанша сома елден шығып кеткенін нақты айта алмайтынын айтты. “Отырыстан кейін қажет болса, сандар нақты келтіріледі” деді ол.

Жұмысқа келер болсақ, біздің агенттікте қаржылық тергеу жобасы бар. Әр қылмыс бойынша біз қаржылық құрамын нақты зерттеп біліп алуымыз керек. Статистика жөнінде айтар болсақ, 2024 жылдан бері бүгінгі күнге дейін 420 млрд теңге мемлекет есебіне қайтарылды. 200 млрд теңге мөлшерінде қылмыстық кірістер анықталды. Қысқаша осы, – деді ол.

Заң жобасы әлі талқыланып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-13
Утром0.15 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.36 ℃
Ночью-5.21 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 994
Скорость ветра6.99 м/с
2025-12-14
Утром-8.76 ℃
Днем-8.48 ℃
Вечером-10.35 ℃
Ночью-9.13 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра14.11 м/с