50 млн теңгелік үй сатқандарға қысым күшейеді

Қазақстанда енді құны 50 млн теңгеден асатын үйді сатқан әрбір азамат қаржылық мониторингке ілінеді. Қаржы агенттігі күдікті мәмілелерге көз салуды күшейтіп жатыр.

 Жаңа тәртіп бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» ірі сату-сатып алу тіркелген сәтте агенттікке хабар беруі тиіс. Жай ғана үй саттым деп жүрген адам, енді автоматты түрде бақылауға өтеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бірақ бұл тек пәтермен шектелмейді. Ұялы байланыс операторлары да қол қусырып отырмайды. Олар мобильді теңгерімге жасалған толықтырулар туралы деректі қаржы агенттігіне жолдайды. Бұл дегеніміз – ұсақ-түйек транзакция емес, күмәнді аударымдар мен әдеттен тыс белсенділікке назар аударылады деген сөз.

Тағы бір үлкен өзгеріс – кейбір операциялар бойынша шекті соманың төмендеуі. Бұрын мәдени құндылықтарды қолма-қол әкелу, әкету немесе сатып алу кезінде 45 млн теңге шегі болса, енді ол бар болғаны 1 млн теңгеге түсіп отыр. Яғни, ірі көлемдегі заттар мен құндылықтар да мемлекет назарында болмақ.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұл өзгерістердің бәрі бір мақсатқа – ақшаны заңдастыру мен терроризмді қаржыландыру жолына тосқауыл қоюға бағытталғанын айтады.

— Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің өз қызметін кірістерді заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру үшін оның ақшамен және өзге де мүлікпен жүргізген операцияларының жиынтығына сәйкес пайдалануы мүмкін екендігі туралы ақпарат жіберетін болады, – дейді ол.

Алайда бұл заң жобасын бәрі қолдап жатқан жоқ.  Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәселенің басқа қырын көтерді. Оның айтуынша, бақылауға түспей жатқан ұйымдар өте көп. Мысалы, Astana Hub, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Жасыл даму» АҚ сияқты құрылымдар мүлде тізімде жоқ. Депутат бұл мекемелерде ашықтық жоқтығын, көлеңкелі схемалар болуы мүмкін екенін айта келе, оларды да мониторинг субъектісіне қосу қажет екенін жеткізді.

– Astana Hub-та көп былық болып жатыр. Бұл ұйым неге қаржылық мониторинг субъектісіне кірмейді? «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры неге жоқ? Автоломбардтар, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы, утильсбор бойынша не үшін ол қаржылық мониторинг субъектісі емес?, – дейді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-20
Утром16.83 ℃
Днем27.23 ℃
Вечером29.95 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.76 м/с
2026-05-21
Утром17.87 ℃
Днем24.87 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра9.04 м/с