ҚМДБ онлайн құрбандық шалуға арналған сайтты іске қосты

Биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта қатар жүзеге асырылады.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban.muftyat.kz атты арнайы сайтты іске қосты. Бұл платформа арқылы еліміздің мұсылман жамағаты Құрбан шалу рәсімін қашықтан, онлайн форматта орындай алады.
Игі бастама әсіресе ірі қалаларда тұратын жамағатқа үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта қатар жүзеге асырылады.

«Онлайн құрбан шалуға ниетті азаматтар аталған сайтқа кіріп, құрбандық малын таңдай алады. Қажетті төлемді Kaspi QR арқылы оңай аударуға мүмкіндік бар. Қой мен ешкіні – жеке адам, ал ірі қара мен түйені – бір немесе жеті адам бірігіп шалуға болады. Тапсырысыңыз сәтті рәсімделсе, ұялы телефоныңызға смс-хабарлама келеді. Құрбан шалынғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша жұртты Құрбан айт күнгі қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырады. Қасиетті күнде құрбан шалып, мұқтаж жандармен сауап бөлісейік!» – делінген хабарламада. 

Еске салайық, биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Арапа күні – 5 маусым. 

«Ислам дінінде зул-хижжа айының алғашқы он күні ерекше қасиетке ие. Бұл күндері құлшылыққа, ізгі амалдар мен дұға-тілектерге көбірек көңіл бөлген жөн. Хадистерде осы кезеңде жасалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Арапа күні – Құрбан айттың алдындағы күн. Бұл күні ораза ұстау – сүннет», – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-10
Утром-28.19 ℃
Днем-17.71 ℃
Вечером-12.4 ℃
Ночью-10 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.14 м/с
2026-03-11
Утром-2.53 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.75 ℃
Ночью0.47 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.87 м/с