Оралда мас болған полиция басшысы жол апатына себепкер болды
Қазіргі уақытта оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Орал қаласында Абай аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мой город мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Орал қаласында Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған.
Қызметтік көлікпен жүрген полицей Audi A4 көлігіне соқтығысқан. Audi-ді 33 жастағы әйел жүргізген, ол ішімдік ішпеген. Ал полицей жеңіл түрде мас болғаны анықталған. Қазіргі уақытта оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
