Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн алуға болады

Министрліктердің бірлескен бұйрығы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді және 2026 жылдың 31 наурызына дейін қолданыста болады.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда тағы бір маңызды мемлекеттік қызмет онлайн-форматта қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығында жарияланды, деп хабарлайды baq.kz.

Құжатта мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету мақсатында жеке куәлікті онлайн рәсімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылатыны жазылған.

Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу жолы төмендегідей:

  • Портал немесе қосымша арқылы;
    Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу үшін eGov.kz электронды үкімет порталына немесе eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы бекіту қажет.
  • Фотосурет дайындау;
    Өтінішке қажетті форматтағы суретті дайындап, тіркеу керек.
  • Мәліметтерді тексеру;
    Уәкілетті орган өтініш берушінің тіркеуі, жеке куәліктің қолданылу мерзімі, фотосуреттің талапқа сай болуы секілді мәліметтерді тексереді.
  • Мемлекеттік бажды төлеу;
    Тексеріс сәтті өткен соң, мемлекеттік баж төленеді.
  • Нәтиже туралы хабарлама алу;
    Қызмет нәтижесі туралы хабарлама алған соң, дайын жеке куәлікті ЦОН-нан (ХҚКО) барып алуға болады.

Бұйрық қашан күшіне енеді?

Министрліктердің бірлескен бұйрығы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді және 2026 жылдың 31 наурызына дейін қолданыста болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-16
Утром5.28 ℃
Днем11.01 ℃
Вечером12.47 ℃
Ночью8.76 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.11 м/с
2026-04-17
Утром5.29 ℃
Днем13.33 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью9.58 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.01 м/с