«Құнын 6 миллиард долларға көтеруді ұсынған»: Қазақстан Қарашығанақта газ өңдеу зауытын шетелдік инвесторлардың көмегінсіз салмақ

Бұған дейін Energy Monitor қоры Қарашығанақтың акционерлері қуаттылығы жылына 4 миллиард текше метр болатын Газ өңдеу зауытына инвестиция салуға ниетті емес екенін хабарлаған еді.

Фото көзі: Орал апталығы

Eni және Shell басқаратын халықаралық консорциум Қазақстанға Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын салу құнын бастапқы 3,5 миллиард доллардан 6 миллиард долларға дейін ұлғайтуды ұсынды. Сондай-ақ жобаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық тараптан 1 миллиард доллар шығындарды жабуды сұрады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған жауап ретінде Қазақстан жобаны «ҚазМұнайГаз» («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы ҚМГ) компаниясына беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Мәліметке сәйкес, қазақстандық тарап Газ өңдеу зауыты жобасының құнының өсуіне де, оның аяқталу мерзімінің бастапқы 2028 жылдан 2030 жылға шегерілуіне де келіспей отыр. Бұған дейін Energy Monitor қоры Қарашығанақтың акционерлері қуаттылығы жылына 4 миллиард текше метр болатын Газ өңдеу зауытына инвестиция салуға ниетті емес екенін хабарлаған еді.

«Өкінішке қарай, ббірқатар акционерлер республиканың тауарлық газ қуатын арттыру жөніндегі өтінішін қанағаттандыруға дайын емес. Инвесторлар Қазақстанға газ өңдең зауыты құнының айырмашылығын жабуды ұсынып отыр. Ол шамамен 1 миллиард доллар (460 миллиард теңге), өйткені бұл олар үшін тиімді емес: Engineering Procurement Construction мердігерінің бағасы 3,7 миллиард доллар (1 триллион 702 миллиард теңге). Ал үлескерлер бар болғаны 2,7 миллиард доллар (1 триллион 242 миллиард теңге) бөлуге дайын. Сонымен қатар инвесторлар қазіргі арбитраждық дауларды реттеуді ұсынып отыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жарияланған ақпаратта Қазақстан тарапы акционерлер ұсынған шарттарды қабылдамай Газ өңдеу зауыты құрылысын өз күшімен («ҚазМұнайГаз» және/немесе серіктес инвесторлар арқылы) жүзеге асыруға дайын екенін хабарлаған. Сонымен бірге Газ өңдеу зауыты құрылысын жеделдету мақсатында ЕРС (Engineering Procurement Construction) бас мердігер ретінде Hyundai Engineering компаниясы қала береді. Бірақ құрылыс бөлігінің құнын төмендету үшін құрылыс мердігері ауыстырылады.

Hyundai Engineering қазір құрылысқа дайындалу және мемлекеттік сараптамадан өтуге қажетті рұқсаттарды алу мақсатында қосалқы мердігерлермен келісімшарттарды аяқтау үдерісінде. Үкімет Қарашығанақтағы Газ өңдеу зауыты құрылысы бойынша түпкілікті инвестициялық шешім маусым айының соңына дейін қабылдануы тиіс екенін мәлімдеді. Алайда шетелдік акционерлер мен Қазақстан тарапы әлі күнге дейін жобаның кейбір мәселелері бойынша мәмілеге келе алмай отыр. Шетелдік инвесторлар бұл жобаны Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) шеңберінде іске асыру жобаның ішкі кірістілік нормасын (IRR) төмендетуі мүмкін деп қауіптенеді. Бұл көрсеткіш келісіммен белгіленген деңгейден төмен түсуі мүмкін, дейді олар.

Өз кезегінде, Қазақстан Газ өңдеу зауыты құрылысының құнын одан әрі төмендетуді талап етіп отыр. Қолданыстағы акционерлер тарапынан инвестициялық шешім қабылданбаған жағдайда, жобаны іске асыру үшін балама серіктеспен алдын ала консультациялар жүргізілгенін растады.

Қарашығанақтағы мұнай қоры – 1,2 миллиард тонна, ал газ қоры – 1,35 триллион текше метр.

1997 жылы қол қойылған және 40 жылға есептелген өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес, Қарашығанақты халықаралық Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг консорциумы игеріп жатыр. Оның құрамына:

  • Shell – 29,25%,
  • Eni – 29,25%,
  • Chevron – 18%,
  • Лукойл – 13,5%
  • ҚазМұнайГаз – 10% үлеспен кіреді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром13.49 ℃
Днем22.1 ℃
Вечером19.69 ℃
Ночью17.57 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.18 м/с
2026-06-09
Утром16.66 ℃
Днем24.49 ℃
Вечером21.04 ℃
Ночью17.01 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.37 м/с