ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА БУЛЛИНГТІҢ 145 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛГЕН

Бүгін елімізде Балаларды қорғау күні атап өтілуде. Еліміз балаларға қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бөлігінде полицияның жұмысы күшейтілген. 2024 жылдан бастап анықтау тәсіліне баса назар аударылды, оқу орындарында профилактика күшейтілді, бұл жасөспірімдер арасында бопсалау фактілерін көбірек анықтауға мүмкіндік берді, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Мәселен, жыл басынан бері буллингтің 145, ал әкімшілік жауапкершілік енгізілгеннен бері 327 дерек тіркелген. Буллингтің алдын алу Оқу-ағарту министрлігімен үйлестіріліп, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек шараларын қамтиды.

«Балалар тәрбиеленетін отбасыларға барған кезде, сондай-ақ зорлық-зомбылық туралы сигналдар түскен кезде полицияға ден қоюдың арнайы алгоритмі енгізілді. Бүкіл ел бойынша прокурорлардың, педагогтардың, полиция және әлеуметтік қызметтердің қатысуымен әкімдіктер жанынан ведомствоаралық мобильдік топтар жұмыс істейді.  Жыл басынан бері 16 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық көліктен күштеп түсірудің 59 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы тоқтатылды. ІІМ бұл норма заңнамалық деңгейде реттелетінін және оны бұзу жауапкершілікке тартылатынын еске салады», — делінген хабарламада.

 Қазақстандағы барлық мектептерге жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізетін 7,5 мыңнан астам полиция қызметкері бекітілген. Тек осы жылы құқық қорғау органдарының мамандары ата-аналармен кездесулерді қоса алғанда, 52 мыңнан астам құқықтық дәріс өткізді, онда бала тәрбиесі саласындағы құқықтар мен міндеттер түсіндіріледі.

 Киберқауіпсіздік сияқты бағыт та дамып келеді. ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті тәулік бойы интернеттегі заңға қайшы контенттенттерге мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылы 58 мыңнан астам қауіпті ресурстар анықталды, олардың 21 мыңнан астамы «Кибернадзор» жүйесі арқылы бұғатталды.

arasha.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-23
Утром-14.57 ℃
Днем-12.69 ℃
Вечером-16.93 ℃
Ночью-19.02 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.31 м/с
2026-01-24
Утром-22.88 ℃
Днем-18.25 ℃
Вечером-20.94 ℃
Ночью-22.61 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.38 м/с