БҚО-да есірткі құқық бұзушылықтары үшін 80 адам ұсталған

Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда есірткіге қатысты 110 құқық бұзушылық анықталды.

Ашық дереккөзден

БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бағдат Түгеловтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 45-і – қылмыс, 65-і – теріс қылық.

Бағдат Аманжолұлының сөзіне қарағанда, 25 есірткі сату, 2 аса ірі көлемде сақтау, 10 есірткі өсімдіктерін өсіру және 7 контрабанда дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 19 кг 630 грамм есірткі заттары тәркіленді.

– Жыл басынан бері басқа өңірлерден есірткі заттарын тасымалдаудың 2 арнасына тосқауыл қойылды. Ал 27 мамыр күні облыс аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан 6 қатысушыдан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, нәтижесінде 2 интернет-дүкені жойылды, — деді Б.Түгелов.

Оның айтуынша, есірткі өсімдіктерін өсіру бойынша 8 зертхана анықталды. Оған қоса синтетикалық есірткі заттарын өндіретін есірткі зертханасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 

– Есірткі құқық бұзушылықтары үшін 80 адам қолға түссе, оның 22-сі есірткі заттарын сату бойынша, соның нәтижесінде заңсыз айналымнан 840,42 грамм синтетикалық есірткі заттары мен 16 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, үш есе көп. Жыл басынан бері есірткі және оның жарнамаларын тарату бойынша 552 есірткі сайты бұғатталды. Сонымен қатар 813 адамның банктік есепшоттарына (жалпы сомасы 39 млн 915 мың теңге) шектеу қойылды және 28 млн 17 мың 445 теңгеге сотпен тыйым салынды, — деді Б.Түгелов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-9.13 ℃
Вечером-9.81 ℃
Ночью-12.04 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-11.88 ℃
Днем-8.96 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-9.17 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.82 м/с