БҚО-да түнде көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуына тыйым салынған. Кәмелетке толмаған құқықбұзушылар полиция бөлімшесіне түссе, олардың заңды өкілі айыппұл арқалайды.

Ашық дереккөзден

БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Сұлтанғалиевтің мәлім еткеніндей, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүруі) 2 275 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар аталған кодекстің 127-бабы (балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 370 ата-ана әкімшілік жазаға ілікті.

-Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде девиантты мінез-құлық көрсеткен 168 жасөспірім, 146 қолайсыз отбасы тіркелген, бұл отбасыларда 261 бала тәрбиеленіп жатыр. Осы кезге дейін кәмелетке толмағандар 37 қылмысқа барған. Ал олардың өздеріне қатысты 90 құқық бұзушылық жасалды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша 91 жасөспірім кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. 2 бала арнайы білім беру мекемесіне орналастырылды, — деді Е.Сұлтанғалиев.

Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, облыс жолдарында балаларға қатысты 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, 4 жасөспірім қайтыс болып, 114-і түрлі дене жарақатын алды.

-40 жол апатында балалар жаяу жүргінші ретінде зардап шексе, 45-інде көлікте отырған. Бесеуінде самокат, үшеуінде велосипед, тағы үшеуінде автокөлік немесе мотоцикл тізгіндеп, жол-көлік оқиғасына тап болған. Жазғы уақытта жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, олардың құқықтарына қайшы әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ балалар лагерьлері мен демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді, — деді Е.Сұлтанғалиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-05
Утром19.08 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.65 ℃
Ночью16.99 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.84 м/с
2026-09-06
Утром17.73 ℃
Днем29.78 ℃
Вечером28.64 ℃
Ночью19.68 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.47 м/с