Қой – 80-85 мың теңге: Құрбан айтқа қарсы елімізде мал бағасы қанша

Құрбан айт – халқымыз үшін тек діни емес, рухани және әлеуметтік жағынан да маңызды мейрам. Бұл күні мұсылмандар құрбандық шалып, оның етін көмекке мұқтаж жандарға таратады.

Ашық дереккөзден

Биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. 5 маусым – Арапа күні. Осыған орай журналистер еліміздегі мал бағасы қанша екенін анықтады, деп жазады Almaty.tv.

Құрбан айт – халқымыз үшін тек діни емес, рухани және әлеуметтік жағынан да маңызды мейрам. Бұл күні мұсылмандар құрбандық шалып, оның етін көмекке мұқтаж жандарға таратады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айттың кешірім мен қайырымдылыққа үндейтін мереке екенін атап өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы биыл да елімізде онлайн құрбандық шалуға болатынын жеткізді. Ол үшін арнайы сайт іске қосылыпты.

«Расында «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Осы жылы да елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. Діни басқарма халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған QURBAN.MUFTYAT.KZ сайтын іске қосты. Дінімізде құрбандық шалу рәсімін басқа біреуге тапсырып, оны өкіл ете алады. Демек, онлайн форматта құрбандық шалуға тапсырыс бере аласыздар», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Құрбан айт мейрамы жақындағанда ел арасында төрт түлікке сұраныстың артатыны белгілі. Осы орайда мал бағасының жайын көзбен көріп, шынайы ахуалды бағамдау үшін елордадағы базарлардың біріне жол тарттық.

Құрбандыққа шалынатын малдың түрлері мен жасына қатысты талаптар бар. Құрбандыққа қой, сиыр, ешкі, түйе ғана шалынады. Қой мен ешкінің жасы 1 жастан, сиыр 2 жастан, түйе 5 жастан асуы тиіс. Қой – базардағы ең етті ұсақ малдардың бірі. Оның салмағы шамамен 30 келіге жуықтайды. Ал бағасы 70 мың теңгеден асады.

«Баға көтеріледі. Құлағы, басы бүтін, жасына толған мал. Ешқандай уайымсыз құрбан шалуға жарамды. Бағасы 80-85 мың теңге тұрады. Тоқтылардың  бағасы 50-55, 60-65 теңгенің арасында сатылып жатыр», – деді  сатушы Мұстафа Мазамов.

«Мал сойғанда қойдың дені сау болу ыкерек, көзі соқыр, аяғы ақсақ, құлағы кесілмеуі керек. Әр басты 3 мың, ірі қараны 7-8 мың теңгеге сойылады», – деді қасапшы Әлімбек Сапаев.

 Қазірдің өзінде базарларда қызу дайындық байқалады. Құрбан шалуға ниеттенген жұрт мал таңдап, тапсырыс беріп жатыр.

«Астана қаласындағы мал базарынан қой алып, құрбандыққа шалып, садақа беріп жатырмыз. Бағалары көңілімізден шықты», – деді қала тұрғыны Индира Сейітжанқызы.

Айта кетейік, былтыр 40 мың 778 мал құрбандыққа шалынып, 131 ет қабылдау пунктіне жиналған ет 137 мыңға жуық отбасыға жеткізілген. Ал биыл еліміз бойынша 60 орында құрбан шалу рәсімі өтеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-18
Утром14.71 ℃
Днем17.1 ℃
Вечером16.57 ℃
Ночью16.27 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра6.45 м/с
2026-07-19
Утром16.2 ℃
Днем19.81 ℃
Вечером23.07 ℃
Ночью18.09 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.64 м/с