БҚО-да интернет арқылы есірткі таратушы қылмыстық топтың жолы кесілді

Қазіргі таңда ұйымдасқан топтың басқа да мүшелерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Сурет: polisia.kz

БҚО-да құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында аталған қылмыстық топты Алматы қаласының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Ол интернет-дүкендер құру арқылы Батыс Қазақстан облысы аумағында есірткі заттарын таратуды жүйелі жолға қойған.

«Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде топтың төрт белсенді мүшесі ұсталды. Ұсталғандардың бірі — 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны, ол қалааралық курьер ретінде Орал қаласына есірткі жеткізіп отырған. Жеке тінту кезінде оның үстінен 145 оралған есірткі дозасы тәркіленді. Сондай-ақ Орал қаласының 25 жастағы тұрғыны, есірткі тасымалдау желісіндегі «оператор-қоймашы» рөлін атқарған азамат ұсталды. Оның пәтерінен мефедрон, марихуана, электронды таразы мен орау материалдары тәркіленді. Қылмыстық схеманың тағы екі қатысушысы — Орал қаласының тұрғындары есірткі жасырушы ретінде анықталып, олардан 100 zip-пакетке салынған дайын есірткі заттары алынды. Қазіргі уақытта топ ұйымдастырушысына қатысты ҚР ҚК 262-бабы 1-бөлігі бойынша (Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару), ал қалған қатысушыларға 262-баптың 2-бөлігі бойынша (Қылмыстық топтың құрамында әрекет ету) қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары шамамен 1000 бір реттік дозаны заңсыз айналымға жіберудің жолын кесті. Қазіргі таңда ұйымдасқан топтың басқа да мүшелерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-14
Утром-8.04 ℃
Днем-10.01 ℃
Вечером-10.19 ℃
Ночью-11.15 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра8.63 м/с
2026-01-15
Утром-14.01 ℃
Днем-13.34 ℃
Вечером-14.74 ℃
Ночью-15.49 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.72 м/с