Туыстардан түскен мобильді аударымдар сомасы 1 млн теңгеден асып кетсе, тексеріле ме – Қаржы министрлігі өкілі түсіндірді

Оның сөзінше, осы шектен асқандар салықшыларға аударым қайдан түскенін түсіндіруі керек.

Ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл үкіметтегі брифингте «Туыстардан түскен аударымдар 1 миллион теңгеден асып кеткен жағдайда мұндай аударымдар тексеріле ме?» деген сұраққа жауап берді. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Егер мен туыстарымның есебінен күн көріп жүрген болсам және олар маған ай сайын, мысалы, 300 мың теңге жіберіп тұратын болса, мені тексере ме? Ал садақа жинайтын адамдар ше – олар да тексеріле ме? Неліктен мобильді аударымдардың шегі ретінде 1 миллион теңге сомасы таңдалды?», – деп сұрады БАҚ өкілдері вице-министрден.

Дәурен Кеңбейіл сөз күнтізбелік үш ай мерзімінде аударылған 1 млн теңге төңірегінде болып отырғанын айтты.

«Бір айдағы емес, үш ай мерзіміндегі аударым. Айына шамамен 300 мың теңге. Бұл соманы Мемлекеттік кірістер комитетіндегі әріптестеріміз аударымдар бойынша репрезентатив деректер негізінде белгіледі. Олар бұл сома шартты түрле қауіпсіз деп санайды. Бұл шешім Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бекітілді. Осындай мәселе көтерілді, шешім талқыланып жатыр. Бұл мемлекеттік орган тарапынан дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді ол.

Оның сөзінше, осы шектен асқандар салықшыларға аударым қайдан түскенін түсіндіруі керек.

«Егер кәсіпкерлікпен айналыспайтын болсаңыз, ақша туыстарыңыздан түскенін түсіндіресіз. Сонда сізге ешқандай сұрақ қойылмайды. Аударымдарды белсенді түрде пайдаланатын адамдар тексеріледі. Аударым кәсіпкерлік қызметтен емес, туыстардан түскенін дәлелдесеңіз, ешқандай сұрақ туындамайды. Бұл жасырын аударымдарды көлеңкеден шығару үшін қолға алынып отыр. Осыны түсінуіміз керек. Мұның барлығын адал салық төлеушілеріміз үшін істеп отырмыз. Егер сіз мұны адал жасасаңыз, онда ешқандай сұрақтар болмайды. Мұндағы мақсат – жосықсыз кәсіпкерлерді көлеңкеден шығару. Егер адал болсаңыз, аударымдарыңыз кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ болса, онда оны дәлелдеп шыға аласыз», –деп сендірді вице-министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.19 ℃
Днем27.7 ℃
Вечером27.01 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.07 м/с
2026-07-13
Утром19.07 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером22.76 ℃
Ночью21.79 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.6 м/с