Айлығы миллионнан асатындар кімдер?

Ең жоғары жалақыны сақтандыру мен зейнетақы қызметі саласының мамандары алады – 1,6 миллион теңге. Бір жылда бұл салада айлық 62,9 пайызға өскен. 

Ашық дереккөзден

Қазақстанда 2024 жылы жалдамалы қызметкерлердің орташа жалақысы 405 416 теңге болған еді. Қазір кейбір сала мамандары айына 1,6 миллион теңге алса, басқаларының табысы 200 мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ең жоғары жалақы

Ең жоғары жалақыны сақтандыру мен зейнетақы қызметі саласының мамандары алады – 1,6 миллион теңге. Бір жылда бұл салада айлық 62,9 пайызға өскен. Екінші орында жылжымайтын мүлік саласы. Мұндағы табыс 1,5 миллион теңгеге жетіп, бірден бес есеге артқан. Қаржы және сақтандыру қызметінде жұмыс істейтіндер де қомақты табысқа ие, шамамен 1,2 миллион теңге. Басқару мен консалтинг саласында 1,15 миллион теңге жалақы белгіленсе, теңіз және жағалаудағы жүк тасымалында еңбек ететіндердің табысы 1,12 миллион теңгеге жуық. Ал ақпараттық технологиялар саласындағы (программалау мен кеңес беру) мамандардың жалақысы 1 миллион теңгеге жетіп, 27,5 пайызға артқан.

Жалақыдағы жыныстық алшақтық

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ерлер мен әйелдердің айлық табысы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Ер адамдардың орташа айлығы – 468 914 теңге болса, әйелдердікі – 344 496 теңге. Айырма – 124 мың теңге. Бұл бір жылда 1,5 миллион теңге көлемінде артық табыс деген сөз.

Ең төмен жалақы қай салаларда?

Әлеуметтік бағыттағы жұмыстар ең төмен жалақы төлейтін салалар қатарында. Мысалы, балық шаруашылығы қызметкерлері небәрі 109 066 теңге алады – бұл ел бойынша ең аз көрсеткіш. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 195 723 теңге болса, қауіпсіздік пен тергеу саласында – 201 934 теңге. Тұратын жері жоқ адамдарға көмек көрсететін қызметкерлердің айлығы да төмен – 247 935 теңге. Қоғам үшін аса маңызды, бірақ материалдық тұрғыда бағаланбай отырған мамандықтар осы салада шоғырланған.

Қай саланың жалақысы қарқынды өсіп жатыр?

Кейінгі бір жылда туризм мен туроператорлық қызмет саласындағы жалақы 59,6 пайызға өскен. Өзен көлігі қызметінде де табыс 34,3 пайызға артып отыр. Телевизия саласында – 29,9 пайыз, баспа ісінде – 26,1 пайыз, құрлықтағы жолаушылар тасымалында – 25,1 пайыз өсім тіркелген.Өңірлік теңсіздік әлі бар

Аймақтар бойынша алғанда ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркелген – 633 322 теңге. Мұнайлы аймақ болғандықтан, бұл түсінікті жағдай. Одан кейін Маңғыстау облысы – 580 931 теңге, Астана – 538 009 теңге және Ұлытау облысы – 533 551 теңге. Ал Алматы қаласында орташа жалақы 490 963 теңгені құраса, Шымкентте – 312 536 теңге. Ең төмен жалақы Жетісу облысында байқалды – 293 160 теңге.

Сарапшылар не дейді?

Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, елдегі жалақы өсімі экономикадағы нақты өмір сүру шығындары мен инфляция қарқынына ілесе алмай отыр. Қағаз жүзіндегі өсім сатып алу қабілетін жақсартпайды. Демек, табыс өсіп жатқандай көрінгенімен, халықтың тұрмысы жеңілдеп кеткен жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.19 ℃
Днем27.7 ℃
Вечером27.01 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.07 м/с
2026-07-13
Утром19.07 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером22.76 ℃
Ночью21.79 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.6 м/с