Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады: оған кімдер ілігуі мүмкін?

Мәжілісменнің айтуынша, алдын ала болжам бойынша амнистия ең алдымен сотталған азаматтардың осал санаттарын қамтиды.

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл амнистияға кімдер ілігуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әзір айтуға ерте, бірақ бұл (заңның қабылдануы – еск.) депутаттар бастамасымен көтерілді. Атап айтқанда, қаңтарда Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Үкіметке депутаттық сауал жолдады, Үкімет оны қолдады. Осыдан кейін заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қорытындысына жолдадық. Бүгін қабылдануы тиіс», – деді депутат Құспан.

Мәжілісменнің айтуынша, алдын ала болжам бойынша амнистия ең алдымен сотталған азаматтардың осал санаттарын қамтиды.

«Бірінші кезекте бұл – зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, балалары бар аналар, қылмыс жасаған сәтте балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер және тағы басқалар. Негізінен, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға амнистия жасау – классикалық нұсқа», – деді депутат Абзал Құспан.

Экономикалық қылмыстар бойынша сотталғандар амнистияға ілігуі мүмкін бе деген сұраққа депутат:

«Егер ұрлық пен алаяқтық бойынша келтірілген залал өтелсе – олар амнистияға ілігеді», – деп жауап берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с