Батыс Қазақстанда суға батқан 560-тан астам киіктің өлексесі жойылды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы аумағында киіктердің Сарыөзенге батып өліп жатқаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

Фото: жергілікті тұрғындардан

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Қараоба ауылдық округіне қарасты Әбдіреш қыстағы маңында болды.

Сол қыстақ тұсында 157 бастай киік өлексесі суда қалқып жүр.

-Басқа жерлерден де киік өлекселерін көруге болады. Мал су ішіп жатыр. Ол өз алдына, Бостандық сияқты ауылдар тазарту құрылғылары арқылы Сарыөзеннен су алып, тұтынады. Мұндай судан адамдардың денсаулығына қауіп төнбесіне кім кепілдік бере алады? Сондықтан судың құрамын толық зерттеу қажет, — дейді тұрғындар.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов оқиғаны растады.

-Хабар бүгін түсті. «Бөкейорда» табиғи резерватының басшылығына айтылды. Арнайы топ барады. Бұл бірінші оқиға емес, өткен аптада сол аймақтан суға батқан 562 бас киік өлексесі жойылды. Киіктер өзеннен әрлі-берлі өткенде шыға алмай қалып тұр, — деді Kazinform тілшісіне инспекция басшысы.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.24 ℃
Днем16.34 ℃
Вечером15.99 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.52 м/с
2026-04-20
Утром10.08 ℃
Днем14.19 ℃
Вечером11.1 ℃
Ночью9.23 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.98 м/с