БҚО-да 150-ге жуық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының тек 17-сіне рұқсат берілген

Батыс Қазақстан облысы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырылатын 147 полигон бар. 

«ОА» мұрағатынан

БҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегеновтің мәлім еткеніндей, соның тек 17-сінің экологиялық рұқсаты бар.

Сырым Бақтығалиұлының сөзіне қарағанда, қалған 130 нысан бойынша рұқсат құжаттарын ресімдеу орындалу сатысында. Қазіргі уақытта аталған мақсат үшін жер бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері ғана бар. 

— Орал қаласында полигон 1975 жылы, Ақсайда 1986 жылы пайдалануға берілген. Бұл полигондар бойынша жобалық құжаттама жоғалған. Жобалық пайдалану мерзімі аяқталғанына қарамастан, қалдықтарды орналастыруға және көмуге мүмкіндік болғаннан кейін полигон әлі пайдаланылып отыр. Орал мен Ақсайда жаңадан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін жобалау алдындағы жұмыс орындалып, техникалық экономикалық негіздеме дайындалды, — деді Сырым Тілегенов.

Оның мәлімдеуінше, басқарушы кәсіпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру технологиясын көбіне сақтамайды. Атап айтқанда, бөліп жинайтын карталары, қалдықтарды көму кезінде жабатын топырақ алу үшін өзінің карьері жоқ. Қалдықтардың жануына жол беріледі.

Қалдықтарды сұрыптау, бағалы компоненттерді іріктеу жұмысы толықтай жүргізілмейді.

Экологиялық кодекстің 350-бабы 16-тармағына сәйкес рекультивация (топырақ құнарлылығын қалпына келтіру) қорынсыз полигонды пайдалануға тыйым салынған. Соған қарамастан, аталған екі полигон бойынша мұндай қор құрылмаған. 

Ашық дереккөзден

— Аудандарда ауылдық жерлерде полигондарды күл-қоқыс орындары деп атайды. Бұл нысандарды салу бойынша жобалық құжаттама ешқашан болған емес. Олардың көбінің айналасы қоршалмаған, төмпеленбеген, көму технологиясы сақталмайды, қабаттап жабатын топырақ карьерлері жоқ, рекультивация қорлары құрылмаған, — дейді департамент басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Орал мен Ақсай қалаларында полигондарда қалдықтардың бірнеше рет өртенуі тіркелді. Мұның басты себептері — көму технологиясының сақталмауы, полигондарды қорғау режимі (бөгде адамдардың кіруі) мен қоқысты тиісті сұрыптаудың болмауы.

Осы нысандарды пайдаланатын аудандардың коммуналдық қызметтерінің қалдықтарды орналастыруға қажетті материалдық-техникалық базасы жоқ. Экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан, кәсіпкерлер бұған қызығушылық танытпайды. Салдарынан бұл нысандардың көбі иесіз. 

— Сондай-ақ БҚО-ның экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасының 8-тармағында Орал және Ақсай қалаларында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, ескілерін рекультивациялау бойынша іс-шараны 2022 жылғы желтоқсанға дейін орындау көзделгенімен, бұл жұмыстар күні бүгінге дейін жүргізілген жоқ, — деді Сырым Тілегенов.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем21.36 ℃
Вечером23.11 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с