Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды: Оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Руслан Жасқылықовты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Жақсылықов бұл лауазымға 2022 жылдың 19 қаңтарында тағайындалған. Оның орнына Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
2022 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас штабы бастығының бірінші орынбасары, ал екі айдан соң, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған. 2024 жылы оған авиация генерал-лейтенанты атағы берілген.
2024 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
