БҚО-да газ өңдейтін компаниядан 1 мрлд теңге өндіріп алынды

Урал Ойл энд Газ» ЖШС 2022-2023 жылдары бұл міндеттемелерді орындамағаны анықталды, нәтижесінде 1 миллиард теңге сомасында берешек пайда болды. 

Ашық дереккөзден

«Орал Ойл энд Газ» компаниясынан қазақстандық мамандарды оқытуға бөлінген 1 млрд теңге көлемінде берешек ақша өндіріліп алынды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз орталығы.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде қазақстандық кадрларды даярлау жөніндегі міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізді.

Құзырлы ведомство «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 129-бабының 1-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын қазақстандық мамандарды оқытуды қаржыландыруға көмірсутек шикізатын өндіруге жұмсалатын шығындардың кемінде 1% -ын жіберуге міндетті екенін еске салады.

Урал Ойл энд Газ» ЖШС 2022-2023 жылдары бұл міндеттемелерді орындамағаны анықталды, нәтижесінде 1 миллиард теңге сомасында берешек пайда болды. Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы No185 және Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы No211 бірлескен бұйрығымен бекітілген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына сәйкес берешек мемлекеттік бюджетке қаражат аудару жолымен өтелуге тиіс. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша сот тәртібімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нен берешектің барлық сомасы өндірілді. Қаражат толығымен бюджетке аударылды,- деп жазады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Алынған қаражат қазақстандық азаматтарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан даярлау мен оқытуды қаржыландыруға бағытталған. Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.66 ℃
Днем0.67 ℃
Вечером0.41 ℃
Ночью1.72 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра11.93 м/с
2026-02-17
Утром1.54 ℃
Днем-0.06 ℃
Вечером-6.83 ℃
Ночью-11.1 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.12 м/с