Көшеде валюта бағамы жазылған табло алынып тасталады

Сүлейменов базалық мөлшерлеме әзірге 16,5 пайыз деңгейінде қалатынын айтты. Бірақ бұл Ұлттық банктің соңғы ұстанымы емес.

«ОА» МҰРАҒАТЫНАН

Ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамы жазылған табло қыркүйекке дейін алынып тасталады. Бұл туралы «standard.kz/kz» порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді көше бойында доллар мен еуроның, рубль мен қырғыз сомының бағамын көре алмаймыз.  Ұлттық банк осылайша төл теңгеміздің әлеуетін арттырамыз деген сенімде. 

Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банк төрағасы: — Валюта бағамын көзбен көргенде назары соған ауып, адамның ойы бұзылады. Тиісті ереже қабылдануға аз қалды. Сосын бірден он күн ішінде барлық көшеден таблолар алынып тасталады. Ал айырбастау пункт ішінде тақтайша ілуге рұқсат бар. 

Сүлейменов базалық мөлшерлеме әзірге 16,5 пайыз деңгейінде қалатынын айтты. Бірақ бұл Ұлттық банктің соңғы ұстанымы емес. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, бұл деңгей жыл соңына дейін сақталуы, не қатаңдауы мүмкін. 

Ұлттық банк соңғы кезде халық арасында криптовалютаға қызығушылықтың артқанын байқап, бұл бейтаныс саланың өз бұралаң жолдары бар екенін еске салды. Бас банктің төрағасы «ақша салдым, болды, байып кетемін» деген жаппай түсініктің жаңсақ екенін айтады. Бұл салада да алаяқтар мен өзгеден бұрын ақша табу жолын жетік меңгеріп алғандар көп екенін ескертті. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы: — Бұл депозит емес. Криптовалюта деген біздің халыққа жаңа әрі бейтаныс сала. Бірінші кезекте шама-шарқы жететін инвесторлардың қызығатын саласы. Үлкен сомада ақша құйып, содан бір нәтиже шығаруына болады. Ал қарапайым халыққа әбден ойланып барып қаражат құйған жөн.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером27.75 ℃
Ночью22.39 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с