Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ережелері өзгерді

Түзетулер сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш нысанын да жаңартты.

gov.kz

Еңбек министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатта өтініш берушінің қатысуымен өтінішті қабылдау кезінде мансап орталығы немесе әкім «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне мынадай ақпаратты алу үшін сұрау салуларды дербес қалыптастыратыны көрсетілген:

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
  • кандидаттың мәртебесі туралы;
  • босқын мәртебесі туралы;
  • шетелдіктің мәртебесі туралы;
  • азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы;
  • отбасының әрбір мүшесі үшін тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
  • жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер бойынша;
  • мүгедектікті белгілеу туралы;
  • баланың тууын (қайтысын) тіркеу туралы (барлық балалар үшін);
  • қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы;
  • асырап алу туралы;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы;
  • 18 бен 23 жас аралығындағы асырауындағылар күндізгі бөлімде оқитын болса, оқу орнында оқу фактісі бойынша;
  • кірістер бойынша (еңбекақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті сатудан түсетін кірістер);
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаның мәртебесі туралы;
  • өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісі туралы;
  • жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің еңбек қызметі туралы (бар болса);
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы (бар болса) туралы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде алименттерді өндіру және (немесе) олар бойынша берешектің болуы туралы;
  • өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру орындарында немесе мәжбүрлеп емдеуде болуы туралы;
  • тұрғын үйге, үй-жайға меншік құқығы туралы;
  • жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің меншік құқығы туралы;
  • көлік құралына меншік құқығы туралы;
  • іздеуде жүрген адамның мәртебесі туралы;
  • салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) сақтандыру төлемдерін және (немесе) адамның (отбасының) шоттары арасындағы аударымдарды қоспағанда, жалпы сомасы кедейлік шегінен асатын (жаңа) адамның (отбасының) өтініш берген алдындағы тоқсандағы банк шоттары бойынша шығыс операциялары бойынша;
  • өтініш берудің алдындағы тоқсанда берілген және жалпы сомасы өтініш берген тоқсан үшін статистика органдары есептеген ең төмен күнкөріс деңгейінен (2025 ж. 92 456 теңге) асатын банктік қарыздың (банктік қарыздардың) (ипотекалық қарызды қоспағанда) немесе микрокредиттің болуы туралы (әрбір отбасы мүшесіне айына);
  • бір отбасына ең төменгі айлық жалақының 200 еселенген мөлшерінен астам (2025 жылы 786 400 теңге) жинақ салымының (тұрғын үй құрылыс жинақ салымын қоспағанда) болуы туралы (жаңа).

Түзетулер сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш нысанын да жаңартты.

Бұйрық 2025 жылғы 16 маусымда күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-5.93 ℃
Вечером-6.6 ℃
Ночью-7.43 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.16 ℃
Днем-1.14 ℃
Вечером1 ℃
Ночью1.15 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.82 м/с