15 мың қылмыскер бостандыққа шығады: Жүкті әйелдер мен аналарға рақымшылық жасалады

Бұл құжат – түзелу жолына түскен азаматтарға жасалған ізгілік актісінің айқын көрінісі.

Фото: pexel

Елде тағы да ауқымды рақымшылық жасалады. Парламент Мәжілісінің депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заң жобасын әзірледі. Бұл құжат – түзелу жолына түскен азаматтарға жасалған ізгілік актісінің айқын көрінісі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жобаға сәйкес, 15 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігеді. Олардың 6 мыңы – түрмеде жазасын өтеушілер, 9 мыңы – пробация қызметінің есебінде тұрғандар. Заң күшіне енсе, 4 100 адам бостандыққа шығады: соның ішінде 632-сі түрмеден, 3 500-ден астамы пробациядан.

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырған тағы 5 400 адамның жаза мерзімі қысқартылады. Пробацияда жүрген 5 500 адамға да дәл осындай жеңілдік беріледі. Жалпы алғанда, жаза мерзімі 11 мың адамға қысқарады.

Заң жобасында ерекше назар әлеуметтік осал топтарға – жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар аналарға аударылған. Әлеуметтік жағынан осал деп танылған 629 адамның 57-сі босатылады, ал 572-сінің жазасы жеңілдетіледі. Жалпы 833 әйел рақымшылыққа ілінеді, соның ішінде 109-ы бостандыққа шығады, қалғандарының мерзімі қысқарады.

Заң жобасы бірқатар жаңалықтармен толыққан. Мысалы, аса ірі алаяқтық немесе бөтен мүлікті иемдену бойынша сотталған азаматтарға да жеңілдік қарастырылған. Егер келтірілген шығын толық өтелсе, негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің бестен бір бөлігі қысқартылады.

Дегенмен, бұл рақымшылық ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға, мемлекеттік құпияны жария еткендерге және сыбайлас жемқорлыққа барғандарға қолданылмайды. Қазір ҚАЖ жүйесінде 40 мыңнан астам адам ұсталып отыр, олардың 92%-ы — ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Сондықтан босатылатындардың саны салыстырмалы түрде аз болады.

Мәліметтерге сүйенсек, рақымшылық нәтижесінде жыл сайын бюджет 5 млрд теңгеге дейін үнемделеді. Түрмеде бір адамды күтіп-бағу тәулігіне 2 900 теңге шығынды қажет етеді. Үнемделген қаражат ҚАЖ жүйесін жаңартуға, оның ішінде халықаралық стандарттарға сай камералық түрмелерге көшуге жұмсалмақ.

Заң жобасы қоғам мен мемлекеттің мүдделері арасында тепе-теңдік сақтай отырып, түзелуге бет бұрған азаматтарға жаңа мүмкіндік беруді көздейді. Ең бастысы – бұл гуманизм мен әділет қағидаттарының тоғысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-9.13 ℃
Вечером-9.01 ℃
Ночью-13.05 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-11.88 ℃
Днем-8.96 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-9.17 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.82 м/с