Қазақстан 10 жылда 6 млрд теңгеге тек екі дәрі әзірлеген, оның өзі тізімге енбеген

Қазақстанда соңғы 10 жылда екі ғана дәріні (йод және калий йодиді) жасауға 6 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Дегенмен, бұл препараттар денсаулық сақтау жүйесінде әлі де қолданылмайды және ешқандай медициналық формулярға енгізілмеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов парламентте сөйлеген сөзінде айтты.

“Дәріні тіркеу үшін, өте күрделі бюрократиялық рәсімдерден өту керек. Әрине мұндай қиындықтардан өту, тек алпауыт фармацевтикалық компаниялар және қымбат препараттар үшін мүмкін. Нәтижесінде, арзан, бірақ науқастар үшін ауадай қажет дәрілер тіркелмей қалады. Өйткені ол үшін жүгіретін ынта да жоқ, қызығушылық та жоқ”, — деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Фармацевтика саласындағы бар былықты депутаттар алдына жайып салған Жоғары аудиторлық палата саланың әбден қожырағанын айтты. 45 мың пациент дертіне дауа болатын дәрісін таппай сандалып қалған. Барлығына себеп — қажетті препараттар қоймаларда шіріп, өмірлік маңызы бар дәрілер жетер жеріне жетпеген. Осылайша 21 млрд теңге ысырап болып, саланың берекесі кетіпті. Ал бұған жол бергендер тек жұмысынан шығарылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Сондықтан депутаттар жазадан оңай сытылып кеткендердің атын атап, түсін түстеп, құзырлы органдарға қайта табыстауды ұсынды.

“Мәселен 2024 жылы еліміздегі мына нарықта бар дәрі-дәрмектің 84 пайызы шетелдік өнім екені белгілі болды. Қала берді мына соңғы 5 жылда біздің шетелдерден сатып алған дәрі-дәрмекке жұмсағанымыз 1, млрд доллардан 1,7 млрд долларға дейін жетті. Ал өзіміз білеміз мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмектің үлесі елу пайыз болу керек деді. Бұған қалай жетпек екені түсініксіз”, — деді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

adyrna.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-16
Утром0.66 ℃
Днем0.67 ℃
Вечером0.41 ℃
Ночью1.72 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра11.93 м/с
2026-02-17
Утром1.54 ℃
Днем-0.06 ℃
Вечером-6.83 ℃
Ночью-11.1 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.12 м/с