«Барлық банкке тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат беру керек»

Мәжіліс депутаты бұл ретте rent-to-buy (баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу) жүйесін енгізу идеясын алға тартады.

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Депутат Ерболат Сатыбалдин екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды “Адырна”.

Қазіргі уақытта бұл құқыққа тек Отбасы банкі ғана ие екені белгілі.

Ол ұзақ мерзімді ипотекалық қаржыландыру нарығын құру кезінде БЖЗҚ қаражатын пайдалану, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жайын да қарастыру қажет деп санайды.

Мәжіліс депутаты бұл ретте rent-to-buy (баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу) жүйесін енгізу идеясын алға тартады.

«Мысалы,ай сайынғы 200 мың теңге төлемнің 50 мың теңгесі жинақ ретінде есепке алынады. Осылайша, үш жыл ішінде азамат қаражат жинап қана қоймай, сонымен қатар төлем қабілеттілігін де растайды. Бұл жүйе, әсіресе жастарға, жалғызбасты аналарға және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолайлы болар еді», — деп атап өтті Сатыбалдин.

Басқа ұсыныстар арасына, мәселен «жылдам ипотека» цифрлық жүйесі де бар. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен ЕДБ арасында деректер алмасу тетігін құру, сондай-ақ автокредиттеуге ұқсас тұрғын үй қарыздарын рәсімдеу үшін онлайн-платформаны айналымға енгізу.

«Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды баспанаға мұқтаж азаматтарға бағыттау қажет. Субсидиялар екінші нарық пен инвестициялық сатып алулардан тыс тек бірінші тұрғын үй нарығынан баспана сатып алушыларға ұсынылуы керек. Жалпы, тұрғын үй саясаты Өңірлік даму бағдарламаларымен тығыз байланысты болуы тиіс, сонда бұл көші-қон ағындарын теңестіруге және өңірлерді кешенді дамытуға мүмкіндік береді», — деп сөзін толықтырады депутат.

Адырна

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-8.95 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-14.64 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-10.99 ℃
Днем-7.53 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.8 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.44 м/с