Жаңбыр жауып, салқындайды: Орал мен БҚО ауа райы болжамы
Белсенді циклон солтүстік-батыста салқын ауа массаларын қалыптастырады, ауа температурасы Батыс Қазақстан облысының аумағында жайлылық мәндеріне дейін біртіндеп төмендей бастайды, – деп хабарлады «Қазгидромет»АҚ синоптиктері. Аптаның аяғында күндіз 30°C-тан төмен болады.

Бүгін, бейсенбі, 12 маусым, күндіз + 26°С… +35°С, түнде + 25°С. Жел батыс, оңтүстік 1-2 м/сек. Ауыспалы бұлтты, түнде аздап жаңбыр жаууы мүмкін.
Жұма, 13 маусым, күндіз + 28°C… +33°C, түнде + 24°C. Көшпелі бұлтты. Жел солтүстік-шығыс, батыс, 2-3 м/сек. Шамалы жаңбыр.
Сенбі, 14 маусым, күндіз + 30°C…+31°C, түнде +23°C. бұлтсыз. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстік, 2 -8 м/сек.
Жексенбі, 15 маусым, күндіз + 26°C… + 30°C, түнде + 18с. бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыс, солтүстік, 1-2 м/сек.
Дүйсенбі, 16 маусым, күндіз + 22°C…+28°C, түнде + 21°C. көшпелі бұлтты, шамалы жаңбыр болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыс, шығыс, солтүстік, 3-2 м/сек.