Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

Жаңа заңға сәйкес енді дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Айта кетейік, дроппер деген – алаяқтар ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адам. Дроппер – банк карталары рәсімделетін, ақша аударылатын және қолма-қол алынатын жалған тұлға.

Ашық дереккөзден

Мәжіліс «ҚР Қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын толық қабылдады. Заң дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазіргі уақытта құжат сенаттың қарауында. Сенаторлардың мақұлдауынан кейін заң президенттің қол қоюына жіберіледі. Содан кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Жаңа заңға сәйкес енді дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Айта кетейік, дроппер деген – алаяқтар ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адам. Дроппер – банк карталары рәсімделетін, ақша аударылатын және қолма-қол алынатын жалған тұлға.

Қолданыстағы заңнамада дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқықтық негіз жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта дропперлер тек куәгер ретінде қарастырылады. Тек қасақана ниеті дәлелденген жағдайда – алаяқтыққа сыбайлас ретінде тартылады.

Ресми құқықтық статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ақшаны жылыстатуға пайдаланылған 6 200 дроп-карта анықталған. Солар арқылы қылмыскерлер жалпы сомасы 24 миллиард теңге болатын ұрланған және алдау жолымен алынған қаражатты заңдастырған.

Жаңа заң күшіне енгеннен кейін бұл тәжірибе өзгереді. Ұсынылып отырған түзетулер дропперлерді нақты қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 232-1 және 233-1-баптар енгізілмек. 

232-1 бабында материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы өз шотына, төлем құралдарына немесе сәйкестендіру құралдарына үшінші тұлғаның қол жеткізуіне заңсыз рұқсат беру не оларды пайдалануына беру – 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не 50 тәулікке дейін қамауға алуға жазаланады, мүлкі тәркіленеді.

Егер бұл әрекет елеулі мөлшерде материалдық сыйақы немесе мүліктік пайда алуына әкелсе не осындай мақсатпен жасалса – 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (2025 жылы шамамен 11,8 млн теңге),  2 жылға дейін бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, мүлкі тәркіленеді.

Егер бұл әрекет ірі мөлшерде пайда алуға әкелсе не осындай мақсатпен жасалса – 4 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 15,7 млн теңге), не 1 000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейін бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, мүлкі тәркіленеді.

233-1-бап бойынша, үшінші тұлғаның мүддесіне не пайдасына банк шоты, төлем құралы немесе сәйкестендіру құралын пайдаланып, материалдық сыйақы немесе мүліктік пайда алу мақсатында заңсыз төлемдер не аударымдар жасау – 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 7,8 млн теңге), не 2 жылға дейін бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасымен жазаланады.

Егер бұл әрекет ірі көлемде пайда алуына әкелсе не осындай мақсатпен жасалса – 5 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 19,7 млн теңге), не 5 жылға дейін бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, мүлкі тәркіленеді.

«Дропповодтар», яғни банк шотын заңсыз басқаруға қол жеткізген тұлғалар да жауапкершілікке тартылады.
Банк шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын заңсыз басқаруға қол жеткізу заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасау мақсатында жүзеге асырылса – 3 жылдан 7 жылға дейін бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен жазаланады.

Егер адам осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасап, өз еркімен құқық қорғау органдарына хабар берсе және құқық бұзушылықты ашуға немесе оны тоқтатуға белсенді түрде ықпал етсе, әрі оның әрекетінде басқа қылмыс құрамының белгілері болмаса – ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Жоғарыда аталған заң жобасы тағы бір маңызды өзгерісті қамтиды. Бұдан былай құзырлы органдар тарапынан тек азаматтардың мобильді аударымдары мен банк шоттары ғана емес, сонымен қатар ұялы телефон баланстары да бақылауға алынатын болады.

Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның айтуынша, заңнамалық түзетулерге сәйкес қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері ретінде ұялы байланыс операторлары енгізілуде.

«Қазір абоненттік шоттар тек байланыс құралы ретінде ғана емес, шағын банкке айналып барады. Операторлар клиенттеріне өз баланстарынан ақша аударуға мүмкіндік береді. Телефон баланстарынан үшінші тұлғалардың шоттарына шектеусіз ірі көлемде ақша аударуға болатынын бәріміз білеміз. Дегенмен, операторлар бұл қаржылық қозғалыстар бойынша есеп бермейді. Осы олқылықты алаяқтар пайдаланып, ұялы байланыс операторларының шоттары арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып жүр», – деп атап өтті депутат.

Байланыс операторларына барлық абоненттер бойынша есеп беру міндеті жүктелмейді. Заң талаптарын бұзған операторлар ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе салдары ауыр болса, лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.54 ℃
Днем30.08 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.85 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра13.61 м/с
2025-07-14
Утром20.36 ℃
Днем25.01 ℃
Вечером26.71 ℃
Ночью22.69 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.25 м/с