Батыс Қазақстан облысында 800-ден астам киік суға батып өлген

Алғашында 526 бас киік, кейін тағы 308 бас өлексесі судан шығарылған. Қазір барлық өлекселер санитарлық талаптарға сай өртеу әдісімен жойылып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында тағы бір экологиялық трагедия тіркелді. 

Казталов ауданы маңындағы Сарыөзен өзенінен өтпек болған 800-ден астам киік суға батып қырылып қалды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді. Алғашында 526 бас киік, кейін тағы 308 бас өлексесі судан шығарылған. Қазір барлық өлекселер санитарлық талаптарға сай өртеу әдісімен жойылып жатыр. Бұл жұмыстарға «Бөкей орда» резерваты мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тартылған.

Инспекция өкілдерінің айтуынша, қырылған киіктердің барлығы биыл туған төлдер. Яғни, тәжірибесі жоқ, әлсіз киіктер өзеннен өте алмай, суға кеткен.

Өлексе
Фото: ашық дереккөз

Инспекция басшысы Нұрлан Рақымжановтың айтуынша, киіктер өзен маңында жатқаны анықталып, арнайы алгоритмге сай жою шаралары жедел ұйымдастырылған.

— Мұндай жағдай осыдан 1-2 апта бұрын да тіркелген болатын. Ол кезде екі күн ішінде 526 бас киіктің өлексесі шығарылды, – деді ол.

Тұрғындар өзеннен мал су ішетінін айтып, судың ластануына алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты мамандар су құрамынан сынама алып, зертханаға жіберді.

«Өлген ақбөкендердің өлекселері судан алынып, мал қорымына тасталды. Бұл — жас, биылғы ақбөкендер. Өтер кезде ересектер судан шығып, төлдері шыға алмады. Мұндай жағдайлар жыл сайын тіркеледі», – делінген БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарламасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары киіктердің қырылуын экожүйеге деген немқұрайдылықтың салдары деп бағалап отыр. Тиісті органдар киіктердің көшу жолдары мен табиғи кедергілерін болжау және алдын алу үшін не істеп жатыр деген сұрақ туындайды. Мамандардың айтуынша, өзен бойын толық бақылауға алу мүмкін емес, сондықтан мұндай табиғи шығындар кей жылдары қайталанып отырады.

Еске сала кетейік, жақында ғана экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұл ұсыныс қоғам тарапынан үлкен қарсылыққа ұшыраған еді.

zhasalash.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.54 ℃
Днем30.08 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.85 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра13.61 м/с
2025-07-14
Утром20.36 ℃
Днем25.01 ℃
Вечером26.71 ℃
Ночью22.69 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.25 м/с