Оралда 15 жасар оқушы Шаған өзеніне батып кетті
Бұл – осымен жыл басынан бергі екінші оқиға. Бұдан бұрын 27 мамыр күні Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңында тағы бір жасөспірім жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 маусым күні қаладағы «Вишневый сад» саяжай бірлестігі ауданында 15 жасар жасөспірім Шаған өзеніне батып кеткен. Оның мүрдесін куәгерлер судан шығарды.
Бұл – осымен жыл басынан бергі екінші оқиға. Бұдан бұрын 27 мамыр күні Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңында тағы бір жасөспірім жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен.
Өткен жылы облыс бойынша барлығы 16 адам қайғылы қазаға ұшыраса, соның алтауы – балалар.
Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 20 адам және 2 заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға 348 282 теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ,12- маусым кешке Орал қаласында Жайық өзенінде патрульдеу кезінде Жеңіс алаңы ауданында аяғы тайып, суға құлап, бата бастаған 1991 жылы туған әйелді байқайды.
Жедел-құтқару жасағының күшімен зардап шеккен құтқарылып, қайықпен жағаға жеткізілді.

ТЖМ азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады: тыйым салынған жерлерде және түнде шомылмаңыз, құтқару құралдарын пайдаланыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тек бірлескен жауапкершілік пен қырағылық өмірді сақтауға және жазғы демалысты қауіпсіз етуге көмектеседі.