Қазақстанда салынатын АЭС-те болуы мүмкін аварияға «Росатом» жауап бермейді

Атом энергетика агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда салынатын АЭС-те авария болған жағдайда оған Ресейдің «Росатом» мемлекеттік компаниясы жауапты болмайды.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда салынатын АЭС-те болуы мүмкін аварияға «Росатом» жауап бермейді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

«АЭС-те болуы мүмкін аварияға «Росатом» жауапты емес»

Атом энергетика агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда салынатын АЭС-те авария болған жағдайда оған Ресейдің «Росатом» мемлекеттік компаниясы жауапты болмайды. Атом электр станциясы пайдалануға берілген соң оған Қазақстан жауапты.

 Атом электр станциясындағы ықтимал оқиғалар үшін негізгі заңды жауапкершілік станция операторына жүктеледі. Мұндай модель көптеген елдерде қолданылады және зиянды өтеу механизмін жеңілдетуге бағытталған. Осылайша, Халықаралық құқық тұрғысынан Қазақстандағы АЭС операторы станцияны қауіпсіз пайдалану және апаттардың ықтимал салдары үшін толық жауапты болады, – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, жоба шеңберінде сақтандыру, техникалық кепілдік мердігердің (Ресейдің «Росатом» МК) жауапкершілігі келісімшартта көрсетілген.

Құрылыс сапасын кім бақылайды?

Атом электр станциясының құрылысын бірнеше орган бақылайды. Оны ішінде:

  • Авторлық бақылау жобаның басты қатысушысы ретінде «Росатом» компаниясына жүктеледі;
  • Техникалық бақылауды тапсырыс беруші «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС Францияның Assystem компаниясының көмегімен жүргізеді;
  • Мемлекеттік бақылауды атомдық қадағалау комитеті қамтамасыз етеді. Қазір бұл комитет елдегі ядролық зерттеу қондырғыларының қауіпсіздігін қадағалап отыр.

Сонымен қатар, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), оның ішінде станцияның іске қосылу сатысында қауіпсіздікті бағалайтын OSART миссиясы да тексереді.

Ал ядролық және радиациялық қауіпсіздікті атом энергиясы агенттігі жанындағы атом қадағалау комитеті жүргізеді. Ол станцияны пайдалану кезінде лицензияларға, тексерулерге және барлық ережелерді сақтауға жауап береді. Экология министрлігі экологиялық нормалардың бұзылмауын қадағалайды.

Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев уран шикізатының меншік иесі, операторы және өндірушісі, сондай-ақ болашақ атом станциясының барлық технологиялық процестері Қазақстан болады деп сендірді Оның айтуынша, конкурстық іріктеудің негізгі шарттарының бірі – қазақстандық мамандардың есебінен станцияның тәуелсіз жұмысын қамтамасыз ету болған. 

Уран байытудағы тәуелділік

Былтыр референдум қарсаңында экономист және энергетика сарапшысы, Әсет Наурызбаев Қазақстан уранды байытатын елге тәуелді болатынын айтқан. Ол “Қазақстанның халықаралық деңгейде уран байытуға рұқсаты жоқ” деген. 

Қазақстанның уран байытуға рұқсаты жоқ. Бізде технология жоқ және ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз уранды байыта алмаймыз. Біз Ресейге, Еуропаға, АҚШ-қа немесе Қытайға барамыз. Бұл елдердің бізге байытылған уран беретініне кім кепілдік береді, – деген Әсет Наурызбаев былтыр АЭС салуға байланысты Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда журналистерге. 

АЭС-ті Ресей мен Қытай компаниялары салады

Бұған дейін атом энергетикасы агенттігі Ресейдің «Росатом» мемлекеттік компаниясы Қазақстанда АЭС салу бойынша халықаралық консорциум көшбасы деп таңдалғанын мәлімдеген. Екінші АЭС құрылысын жүргізетін консорциум жетекішісі Қытайдың CNNC компаниясы болатыны айтылған

2025 жылдың ақпанында АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданы таңдалған.

Даулы референдум

Қазақстанда АЭС салу туралы жалпыхалықтық референдум былтыр 6 қазанда өтті. Байқаушылар референдумға дауыс беру кезінде заң талаптарын бұзу фактілері тіркелгенін, мысалы, референдум бюллетеньдерін дауыс беру жәшігіне топтап тастау секілді жайттар анықталғанын хабарлаған.

Орталық референдум комиссиясының ресми қорытындысына сай, дауыс берген азаматтардың 71 пайызы Қазақстанда АЭС салуды қолдаған. Президент Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген.

АЭС-ке қарсылық

Экологтардың көбі елде АЭС салуға қарсы. Олар атом электр станциясын салуға қолайлы орын деп айтылып жүрген аймақтағы Балқаш көліне АЭС кері әсер етеді деп есептейді. АЭС салуды жақтаушылар негізінен энергия тапшылығын алға тартады. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар АЭС-ті Ресей салатын болса, Қазақстан оған энергия жағынан тәуелді болып қалады деп алаңдайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.54 ℃
Днем30.08 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.85 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра13.61 м/с
2025-07-14
Утром20.36 ℃
Днем25.01 ℃
Вечером26.71 ℃
Ночью22.69 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.25 м/с