Қазақстандық 16 миллион азаматтың жеке деректері желіге тарап кетті

Мамандардың айтуынша, мұндай ауқымды ақпараттың таралуына себеп — жартылай ашық мемлекеттік сервистердің API-ін пайдалану, қауіпсіздігі төмен онлайн-платформалардың бұзылуы немесе интеграциялық жүйелер арқылы кездейсоқ экспорт болуы мүмкін. 

ғаламтордан

SecuriXy.kz Telegram-арнасының мәліметінше, интернетте 15,8 миллион ЖСН, 17 миллион телефон нөмірі, сондай-ақ азаматтардың мекенжайлары мен өзге де жеке ақпараты ашық қолжетімді болып кетті.

Таратылған деректер 799 мегабайттық архивке жинақталған. Оның ішінде азаматтардың аты-жөні, жынысы, туған күні, азаматтығы және тіпті ұйымдардың атауы да бар — олардың қатарында стоматологиялардан бастап мемлекеттік мекемелерге дейін кездеседі.

Кестеде мынадай бағандар бар: Тегі, Аты, Әкесінің аты, Жынысы, Туған күні, Идентификатор, ЖСН, Ұялы телефон, Жұмыс телефоны, Үй телефоны, Азаматтығы, Ұлты, Мекенжайы, Мекенжай расталған ба, Тұру басталған және аяқталған күні.

Хакер
Фото: telegram

Былтыр шілдеде Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы Қазақстан азаматтарының жеке деректері тағы да тарап кеткенін айтқан. Орталық Telegram мессенджерінде қолданушы BreachForums атты хакерлер форумындағы деректің бәрін желіге жария еткенін мәлімдеген.

Олардың қатарынан Spark атты көлік-логистика компаниясының деректері, Шәкәрім университеті студенттері мен талапкерлерінің дерегі, 2022 жылғы 24 маусымдағы B2B 2GIS Қазақстан мәліметтері, Yandex Food пен 2021 жылғы Fonbet-тің Қазақстан мен Ресейдегі пайдаланушыларының деректері табылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай ауқымды ақпараттың таралуына себеп — жартылай ашық мемлекеттік сервистердің API-ін пайдалану, қауіпсіздігі төмен онлайн-платформалардың бұзылуы немесе интеграциялық жүйелер арқылы кездейсоқ экспорт болуы мүмкін. Ең сорақысы — бұл деректер өзекті: мәліметтердің басым бөлігі 2022 жылға тиесілі, алайда архивте 2023–2024 жылдарға қатысты ақпарат та бар. Бұл фишинг, әлеуметтік инженерия, құжаттарды қолдан жасау, алаяқтық қоңыраулар сияқты қауіптер туындатуы мүмкін.

Егер өзіңіз туралы деректер тарап кеткеніне күмәндансаңыз: eGov, мобильді банктер, салық жүйелеріндегі белсенділікті тексеріңіз.

zhasalash.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-20
Утром-10.1 ℃
Днем-9.77 ℃
Вечером-9.14 ℃
Ночью-9.11 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.3 м/с
2026-01-21
Утром-13.17 ℃
Днем-9.8 ℃
Вечером-13.59 ℃
Ночью-16.77 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра1.89 м/с