БҚО-да әйел 11 жылдан кейін ғана күйеуінің қайтыс болғанын дәлелдеп шықты

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында тұратын әйел 11 жыл бойы күйеуінің қайтыс болғанын дәлелдеумен жүрді. Тек 2025 жылы ғана сот күйеуінің өлгенін ресми түрде мойындады.

БҚО сотынан алынды

Ер адам 2014 жылғы 7 сәуірде ауыр дерттен қайтыс болған. Әйелдің айтуынша, жерлеу рәсімінде марқұмның туысы мен танысы куәгер ретінде қатысқан. Дегенмен осы уақытқа дейін оның қолында қайтыс болу туралы ресми куәлік болмаған. Медициналық анықтама немесе сот шешімі болмаса, АХАТ бөлімі өлімді тіркеуден бас тартқан.

11 жыл бойы әйел осы шындықты мойындатуға тырысқан. Ақыр соңында іс сотқа жетіп, ол 1972 жылы туған күйеуінің қайтыс болғанын заң жүзінде тануды сұрады.

Полиция тарапынан берілген жауапта азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпараттың 2014 жылдың сәуірінде-ақ тіркелгені айтылған. Ол кезде өлімнің табиғи себептермен болғаны анықталып, қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Сотта куәгерлер ант беріп, марқұмның расында сырқаттан қайтыс болғанын және олар жерлеу рәсіміне қатысқанын айтты. Арызданушы әйел қарсылық білдірмей, шешімді соттың қарауына қалдырды.

Жәнібек аудандық соты ұсынылған дәлелдерді қарап, әйелдің өтінішін қанағаттандырды. Осылайша, арада 11 жыл өткен соң әйел күйеуінің өлімін ресми түрде рәсімдей алды. Аталған сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром18.13 ℃
Днем29.3 ℃
Вечером27.55 ℃
Ночью23.26 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.6 ℃
Днем28.84 ℃
Вечером27.02 ℃
Ночью21.89 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.96 м/с