Оралда полиция жол ережесін бұзған «Marvel кейіпкерлерін» тоқтатты

Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты.

Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алғанымен, олардың ерекше бейнесі жол ережесін бұзған жауапкершіліктен босатпады.

Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.

Нәтижесінде келесі әкімшілік хаттамалар толтырылды:

  •  ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша — 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);
  •  590-баптың 5-бөлігі бойынша — 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);
  •  593-баптың 3-бөлігі бойынша — 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);
  •  595-баптың 1-бөлігі бойынша — 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);
  •  590-баптың 2-бөлігі бойынша — 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару).

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті барлық жүргізушілер мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көңілді костюмдер мен шеру — жолда тәртіпсіздік жасауға негіз емес. Жол қауіпсіздігі — бәріміздің ортақ міндетіміз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром18.13 ℃
Днем29.3 ℃
Вечером27.55 ℃
Ночью23.26 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.6 ℃
Днем28.84 ℃
Вечером27.02 ℃
Ночью21.89 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.96 м/с