Қазақстан халқы әрбір екінші көлікті несиеге алып жатыр

Қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 213 мың автонесие рәсімделген. Жалпы сома 483 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36%-ға көп. 

фото: ашық дереккөзден

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы автонесие нарығы айтарлықтай жанданды. Ел тұрғындары жаңа көлік сатып алғанда, қолма-қол төлемнен бұрын банктер ұсынатын несиелік ұсыныстарды жиі таңдауда. Қаржы саласы сарапшыларының айтуынша, бүгінде тіркеліп жатқан әрбір екінші көлік несиеге рәсімделуде, деп жазады ozgeris.info.

Қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 213 мың автонесие рәсімделген. Жалпы сома 483 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36%-ға көп. Қаржылай көрсеткіш бойынша да 22%-дық өсім бар. Сарапшылар бұл серпінді өсімді автосалондардағы жеңілдіктер, автодилерлер мен банктердің бірлескен бағдарламалары және несиені онлайн рәсімдеу мүмкіндігінің жеңілдеуімен байланыстырады.

Бүгінде автонесие арқылы алынатын көліктің орташа құны – 6,4 млн теңге. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Сонымен қатар көлік бағасының өзі де өсіп келеді: жылдық өсім  4%. Несие алушылардың басым бөлігі 3-10 млн теңге аралығындағы көліктерді таңдаған. Өткен жылы мұндай көліктер үлесі 66,4% болса, биыл бұл көрсеткіш 75,2%-ға жетті. Демек, қазақстандықтар арзан әрі қолжетімді көліктерге көбірек назар аудара бастаған.

Автонесие бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 14,8%. Бұл базалық мөлшерлемеден де, тұтынушылық несиелердің орташа деңгейінен де төмен. Алайда несие рәсімдеу жеңілдегенімен, мақұлдану көрсеткіші айтарлықтай төмен. Мысалы, автонесие алуға өтініш білдіргендердің тек 15,7%-ы ғана мақұлданған. 

Сондай-ақ автонесие нарығында қарызды уақтылы қайтару деңгейі жоғары. Төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздардың үлесі небәрі 3,2%-ды құрап отыр. Сарапшылар мұндай көрсеткішті екі фактормен байланыстырады: автонесиенің кепілмен рәсімделетіні және көлікті табыс табу мақсатында пайдаланатын азаматтардың көбеюі.

Алайда көлік нарығында ішкі өндіріс төмендеп барады. 2025 жылдың басынан бері елімізде небәрі 32,3 мың көлік өндірілген. Бұл – алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Соның салдарынан тіркелген көліктер арасындағы отандық өнім үлесі 10%-дан 8%-ға дейін төмендеген. «Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметіне сүйенсек, мамыр айында Hyundai мен Chevrolet көліктеріне деген сұраныс ерекше артқан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.54 ℃
Днем30.08 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.85 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра13.61 м/с
2025-07-14
Утром20.36 ℃
Днем25.01 ℃
Вечером26.71 ℃
Ночью22.69 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.25 м/с