БҚО-да қазақ театрын жөндеуге 1 млрд теңгеге жуық қаржының артық қаралғаны анықталды

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеді. 

Орал қаласындағы Хадиша Бөкенова атындағы қазақ драма театры.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, басым бағыттың бірі — мемлекеттік сатып алулардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі, атап айтқанда, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарлы бағалардың жоғарылау жағдайларын анықтау.

Театрдың негізгі кіреберісіне апаратын баспалдақтар

— Мониторинг барысында мемлекеттік сатып алу порталында Х.Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театрының ғимаратын күрделі жөндеуге жоспарланған 2,9 млрд теңге мөлшеріндегі сметаның асыра бағаланғаны анықталды. Департаменттің ұсынысымен уәкілетті мемлекеттік орган аталған жобаны қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізді, бұл 980 млн астам теңге бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға мүмкіндік берді, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің нақтылауынша, 2023 жылы басталған театрды күрделі жөндеу жұмысы мердігермен атқарылмай, кейін сот шешімімен тоқтатылғаны белгілі.

Оның мәлімдеуінше, сонымен бірге ғылыми-реставрациялық жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін қаржы тапшылығына байланысты бірқатар мәселе туындады. Атап айтқанда, қолданыстағы ғылыми-жобалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізу және облыстық бюджетте қаражат бөлу мүмкіндігі пайда болғанға дейін өз қаражаты есебінен жұмыс жасайтын инвестор табу.

— Нәтижесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар саласында тәжірибесі бар «Күмбез» ЖШС-мен (Алматы) келісім-шарт жасалып, инвестордың өз қаражаты есебінен жұмыстар 9 маусымда басталды. Авторлық қадағалау жұмыстарын «ИНЖСЕРВИС ПЛЮС» ЖШС, техникалық қадағалау жұмыстарын «БК Монтаж» ЖШС (екеуі де Оралдан) жүргізеді. Жалпы жоба құны — 2,2 млрд теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары ғылыми-жобалық құжаттамаға сай жүргізіліп жатыр. Жұмыстың аяқталу мерзімі — биылғы желтоқсан айы. Қаржы облыстық бюджет нақтыланған кезде бөлінеді, — деді Жеңіс Нығметуллин.

Ғимараттың сыртындағы қабырғалар да жөндеуді қажет етеді

Басқарма басшысының орынбасары департамент ұсынысына сәйкес сметаның қайта қаралғанын жеткізді.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром18.13 ℃
Днем29.3 ℃
Вечером26.92 ℃
Ночью23.28 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.6 ℃
Днем28.84 ℃
Вечером27.02 ℃
Ночью21.89 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.96 м/с