Ішкі істер министрлігі алаяқтар жиі айтатын сөздерін атады

Полиция қызметкерлері бейтаныс нөмірден қоңырау шалу кезінде төмендегі тіркестердің бірін естісеңіз, әңгімені дереу тоқтатуды ұсынады.

egemen.kz

Ішкі істер министрлігі алаяқтар қазақстандықтарды алдап, ақша беремін деп жиі қолданатын сөз тіркестерінің тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция қызметкерлері бейтаныс нөмірден қоңырау шалу кезінде осы тіркестердің бірін естісеңіз, әңгімені дереу тоқтатуды ұсынады.

Телефон алаяқтары жиі қолданатын 6 сөз тіркесі:

«Олар сіздің ақшаңызды ұрламақшы, күдікті транзакция тіркелді»

Дүрбелеңгесалатын классикалық әдіс. Осылайша ойланбай, тез әрекет етсін дейді.

«SMS-кодты жазыңыз»

Алаяқтар осылайша онлайн-банкингке, шоттарыңызға және аударымдарыңызға қол жеткізе алады.

«Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, алаяқтарды ұстауға және ақпаратты құпия сақтауға көмектесіңіз»

Қылмыскерлер өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде көрсететін жалпы схема.

«Несие алуға өтініш берілді»

Сізді алаяқтардан қорғайтындай кейіп танытып, алдау әдісі.

«Ақшаны арнайы және қауіпсіз шотқа аударыңыз»

Қауіпсіз шот деп өздерінің шотына аудартады.

«Банк картаңыздың/SIM картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын»

Алаяқтар жеке ақпаратты беруге мәжбүрлейді.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қырағы болып, туыстары мен жақындарына ескерту жасауды ұсынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром18.13 ℃
Днем29.3 ℃
Вечером27.55 ℃
Ночью23.26 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.6 ℃
Днем28.84 ℃
Вечером27.02 ℃
Ночью21.89 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.96 м/с