Сырым» өткізу бекетінде қайта жаңғырту жүруде
Өңір тұрғындары мен жүк тасымалдаушыларды алдағы уақытта өткізу бекетінің бір жарым жылға дейін қайта жаңғырту үшін жабылатыны алаңдатып отыр.

Жоспарға сәйкес, техникалық база жаңғыртылып, тексеру мен күту аймақтары кеңейтіледі. Сонымен қатар, шекаралық рәсімдерді жеделдетуге бағытталған бірқатар тиімді шаралар жүзеге асырылады.
«Сырым» шекаралық бекеті – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі маңызды пункт болып саналады. Көлік ағыны көп кезеңде бұл бекет арқылы тәулігіне 1300-ден астам жүк көлігі, 800 жеңіл көлік өтіп, 6000 жолаушы шекарадан өтеді.
Өңір тұрғындары мен жүк тасымалдаушыларды алдағы уақытта өткізу бекетінің бір жарым жылға дейін қайта жаңғырту үшін жабылатыны алаңдатып отыр.
Халықаралық жүк тасымалымен, туризммен және азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, «Сырым – Маштаково» өткелінің жабылуы елеулі қаржылық шығындарға және жеткізілімдердің үзілуіне алып келуі мүмкін.
Аталған бағыт – Қазақстан Республикасы мен өзге де елдерден келетін жүк қозғалысы үшін негізгі көлік дәлізі болып табылады.
Бүгінгі таңда облыс аумағында көлік ағынын қайта бөлуге жеткілікті өткізу қабілеті бар баламалы шекара өткелдері жоқ.
Туындайтын жағымсыз салдарды азайту және көлік коллапсының алдын алу мақсатында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткізу бекетін кезең-кезеңімен қайта жаңғыртуды ұсынды.
Бұл тәсіл өткізу бекетінің кейбір учаскелерінің жұмысын сақтай отырып, көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді және логистикалық тізбектердің үзілуіне жол бермейді.
Сонымен қатар, өткізу қабілетін оңтайландыру және өткізу бекетінің тиімділігін арттыру мақсатында жүк автокөліктеріне арналған арнайы алаң салу ұсынылды.
Бұл электрондық кезектің сақталуын бақылауға және мемлекеттік шекара маңында ауыр жүк көліктерінің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, шекаралық және шекара маңындағы аймақтарда жұмыс істейтін барлық бақылаушы органдарды бір ғимаратқа орналастыру («бір терезе» қағидаты бойынша) мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Мұндай тәсіл қызметтердің үйлесімділігін жақсартады және бақылау іс-шараларына кететін уақытты қысқартады.