“Ақшаларыңызды алып кетіңіздер“. БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады

Талап етілмеген зейнетақы жинағының сомасы шамамен 37,3 млрд теңгеге жеткен.

gov.kz

1 маусымдағы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткендердің талап етілмеген зейнетақы жинағының сомасы шамамен 37,3 млрд теңгеге жеткен, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында сақталған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БЖЗҚ мәліметтеріне сәйкес:

  • 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинағын мұрагерлері талап ете алады;
  • 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
  • 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыны ресімдеу үшін мемлекеттік корпорацияға  әлі өтініш бермеген. 

Мұндай зейнетақы жинағының жай-күйі қалай болмақ? 

Зейнетақы жинағының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинағы инвестициялана береді, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында зейнеткердің өзі не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. 

Мұндай зейнетақы жинағын қалай алуға болады? 

Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе

Зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ, мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.

Шетелге тұрақты тұруға кеткен кезде

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.

Зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болуына байланысты

БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем беріледі.

Сондай-ақ, зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалады. Зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгінуі қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.54 ℃
Днем30.08 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.85 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра13.61 м/с
2025-07-14
Утром20.36 ℃
Днем25.01 ℃
Вечером26.71 ℃
Ночью22.69 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.25 м/с