Мемлекеттік қызметке кір келтірген ауыл әкімі жазаланды

Қаратөбе ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша қабылданған шараларды тексеру барысында іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млн теңгеден аса заңсыз аудару деректерін анықтады.

Фото: depositphotos.com

Былтыр қарашада атқарылған жұмыстар актісі бойынша Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімімен құны 6 599 900 теңге болатын шағын футбол алаңын жөндеу бойынша жұмыстардың қабылданғаны анықталды.

Алайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы фото және бейне тіркеуді қолдана отырып, шағын футбол алаңын көзбен шолып қарау барысында мердігер ұйымның сметалық құжаттамадан ауытқуға жол бергенін анықтады.

Атап айтқанда, орама жабынын, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтарды, шамдарды жабдықтау, сондай-ақ, қоршауды отырғызу жұмыстары аяқталмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қаратөбе ауданының әкімдігімен Егіндікөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмысты сметалық құжаттамаға сәйкес орындау бойынша шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін Егіндікөл ауылдық округінің әкіміне қызметке толық сәйкес емесі хабарланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром20.54 ℃
Днем30.08 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.85 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра13.61 м/с
2025-07-14
Утром20.36 ℃
Днем25.01 ℃
Вечером26.71 ℃
Ночью22.69 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра4.25 м/с