Оралда дәрігерлер жарты келі шаш жұтқан қызды құтқарып қалды

Ата-анасы алғашында қатты мән бермегенімен, жағдай нашарлай түскен соң, Орал қаласындағы ауруханаға жүгінген.

Ашық дереккөзден

Орал қаласында дәрігерлер сирек кездесетін жағдаймен бетпе-бет келді – 12 жастағы қыздың асқазанынан жарты келіге жуық шаш алынған. Бұл туралы жергілікті медициналық мекеме мәлім етті, деп хабарлайды baq.kz.

Қыз бірнеше ай бойы іштің ауыруына, тәбеттің болмауына және әлсіздікке шағымданып жүрген. Ата-анасы алғашында бұл белгілерге қатты мән бермегенімен, жағдай нашарлай түскен соң, Орал қаласындағы ауруханаға жүгінген.

Тексеру барысында дәрігерлер оның асқазанында үлкен көлемді бөгде зат – тығыздалған шаш массасы (трихобезоар) бар екенін анықтады. Бұл – трихотиломания және трихофагия деп аталатын психологиялық бұзылыстардың нәтижесінде пайда болатын жағдай. Яғни, адам шашын жұлып, оны жұта береді.

Қызға шұғыл операция жасалып, дәрігерлер шамамен 500 грамм шашты асқазанынан алып шыққан. Ота сәтті өткен, қазір пациенттің жағдайы тұрақты.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі және уақытында емделмесе, ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Қызға медициналық көмекпен қатар, психологиялық қолдау да қажет болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром22.43 ℃
Днем33.65 ℃
Вечером33.88 ℃
Ночью26.99 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.88 м/с
2025-07-13
Утром20 ℃
Днем29.25 ℃
Вечером29.67 ℃
Ночью23.07 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.04 м/с