Зачаганск ауылында полицияға 21 жасөспірім тоғытылды

Материалдар Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Фото: esquire.kz

Маусым айының басында Зачаганск ауылында ұлттық сипаттағы жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарып, жанжалдың туындауына жеке бас араздығы себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды orda.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні қала және аудан мектептері мен колледждерінің оқушылары, яғни 21 кәмелетке толмаған жасөспірім полиция басқармасына жеткізілген.

«Тексеру барысында екі колледж студенті арасында бұған дейін болған жеке жанжал жанжалдың туындауына себеп болғаны анықталды. Жасөспірімдер кейін қарым-қатынастарын анықтау үшін кездесуге келіскен. Ұлтаралық жанжал фактісі расталған жоқ. Жанжал тұрмыстық сипатта болды, қатысушылардың этникалық тұрғыда жанжалы болмаған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Кәмелетке толмағандардың 16 заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, оның құқықтары мен (немесе) мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Екі жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы («Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық») бойынша хаттама жасалды.

Материалдар Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сондай-ақ ақпарат білім беру мекемелеріне шара қабылдау және профилактикалық жұмыс жүргізу үшін берілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром18.13 ℃
Днем29.3 ℃
Вечером26.92 ℃
Ночью23.28 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.6 ℃
Днем28.84 ℃
Вечером27.02 ℃
Ночью21.89 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.96 м/с