Ресейге визасыз кіретіндерге арналған жаңа ереже шықты

Жаңа тәртіпке сәйкес, визасыз режим аясында Ресейге баруды жоспарлаған шетел азаматтарына «ruID» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала тіркеуден өту ұсынылады

2025 жылғы 30 маусымнан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу бекеттерінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін кіру және шығу тәртібін реттейтін жаңа ережелерді сынақтан өткізу жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Todayinfo.

«ruID» қосымшасы арқылы алдын ала тіркелу

Жаңа тәртіпке сәйкес, визасыз режим аясында Ресейге баруды жоспарлаған шетел азаматтарына «ruID» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала тіркеуден өту ұсынылады. Бұл рәсім міндетті емес, алайда электронды өтінішті толтыру шетел азаматтарына бірқатар артықшылықтар береді.

Қазақстан азаматтарына әсері

Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз қатынас тәртібі өзгермейді. «ruID» қосымшасы арқылы өтініш беру – ерікті сипатта. Алайда, бұл қосымшаны пайдалану арқылы:

  • Ресейдегі мемлекеттік қызметтерге онлайн қол жеткізу;
  • ресейлік ұялы байланыс операторларының қызметтерін пайдалану;
  • айыппұлдар мен төлемдерді онлайн төлеу мүмкіндігі беріледі.

Қосымшамен тіркелу тәртібі қандай?

  • Өтініш жоспарланған сапарға 90 күн бұрын немесе кемінде 72 сағат қалғанда берілуі тиіс.
  • Ерекше жағдайларда (мысалы, туыстың қайтыс болуы) өтініш 4 сағат ішінде қабылданады.
  • Өтініште бару мақсаты, сапар мерзімі, шығу елі, балалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
  • Қосымшада биометрикалық деректер (бет-әлпет суреті, паспорт, дауыс жазбасы) ұсынылады.

Ресейге кіргеннен кейін не істеу керек?

  • Шекарадан өткен соң 10 күн ішінде жалпы биометрикалық жүйеге (ЕБС) тіркелу қажет. Ол үшін банк бөлімшесіне барып, жеке құжаттарды көрсету жеткілікті.
  • Сонымен қатар, ресейлік «Госуслуги» порталында аккаунтты растау үшін МФЦ орталықтарына бару ұсынылады.

Бұл рәсімдер арқылы:

  • барлық мемлекеттік қызметтерге онлайн қол жеткізу;
  • ресейлік SIM-карта рәсімдеу;
  • айыппұлдар мен алымдарды төлеу жеңілдейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.24 ℃
Днем16.34 ℃
Вечером15.99 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.52 м/с
2026-04-20
Утром10.08 ℃
Днем14.19 ℃
Вечером11.1 ℃
Ночью9.23 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.98 м/с