Кредиттік тарихты қайдан және қалай тегін көруге болады

Жақсы кредиттік тарих болашақта несие алу мүмкіндігін арттырып, тиімді шарттармен рәсімдеуге жол ашады.

ғаламтордан

2025 жылғы 24 маусымда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтар өздерінің кредиттік тарихын қалай тексере алатынын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кредиттік тарих – бұл жеке немесе заңды тұлғаның атына рәсімделген барлық несие мен қарыз туралы және олардың уақытында қайтарылу жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын ресми құжат.

«Кредиттік тарихты қалыптастыру алғашқы қарыз рәсімделген сәттен басталады. Бұл құжат банктер, микроқаржы ұйымдары және басқа да қаржы институттары жаңа несие беру туралы шешім қабылдағанда төлем тәртібін бағалау үшін қажет. Жақсы кредиттік тарих болашақта несие алу мүмкіндігін арттырып, тиімді шарттармен рәсімдеуге жол ашады», — делінген агенттік хабарламасында.

Кім және қанша рет ала алады?

Әр Қазақстан азаматы жылына бір рет тегін өз кредиттік есебін ала алады. Сол жылдың ішінде қайтадан алғысы келсе — бұл қызмет ақылы болады.

Кредиттік есепті алудың жолдары:

 1. Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы;

 2. eGov.kz электрон үкімет порталы арқылы;

 3. ХҚКО бөлімшелері, Қазпошта және Бірінші кредиттік бюро кеңселерінде;

 4. Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы.

Кредиттік есептегі қате дерек болса:

Мысалы, бұрын өтеліп қойған несиеге қатысты кешіктіру туралы жалған белгі болса — тиісті банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгіну керек.

Талаптарыңызды растайтын құжаттарды қоса ұсыныңыз.

Қате ақпараттарды тегін даулау үшін Fingramota.kz сайтына кіріп:

  • «Өнімдер мен қызметтер» бөліміне өтіңіз;
  • «Кредиттік тарихтағы ақпаратты даулау» бөлімін таңдаңыз;
  • Арнайы форманы толтырып, ЖСН мен телефон нөміріңізді енгізіңіз.

Бұл қызметті Агенттік Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп жүзеге асырады.

Қаржылық қауіпсіздік үшін не істеуге болады?

«Кредиттік тарихты бақылау» қызметін қосу ұсынылады – ол сіздің кредиттік тарихыңызда кез келген өзгеріс болса (жаңа несие, кешіктіру, берешек сомасының өзгеруі және т.б.), хабарлама жібереді.

Оны мына жерлерден қосуға болады:

  • eGov.kz порталы;
  • Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-08
Утром-7.64 ℃
Днем-5.16 ℃
Вечером-9.99 ℃
Ночью-13.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.95 м/с
2026-03-09
Утром-23.64 ℃
Днем-21.03 ℃
Вечером-20.82 ℃
Ночью-25.34 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.19 м/с