Қытай Каспийге кірді: Қазақстанмен мұнай барлауын бастады

Үш бірдей күрделі жобаға келісім жасалды. Энергетика министрлігі тікелей келіссөздер қорытындысы бойынша «Жылыой», «Аққұдық» және «Солтүстік-2» учаскелерінде көмірсутек шикізатын барлау және өндіруге арналған үш келісімшарт жасалғанын хабарлады.

abai.kz

Қытай мен «ҚазМұнайГаз» Каспийде мұнай іздейді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) және Қытайдың CNOOC Hong Kong Holding Limited компаниясы (CNOOC Limited еншілес компаниясы) Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі өтпелі аймақта орналасқан күрделі «Жылыой» жобасы аясында көмірсутектерді барлау және өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ҚМГ ресми түрде хабарлады.

Жоба екі тараптың тең үлесімен – 50/50 қаржыландырылады. Құжатқа Қазақстан энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Исқазиев және CNOOC Limited вице-президенті Лю Юнцзе қол қойған.

ҚМГ мәліметінше, CNOOC – Қытайдың ірі мұнай-газ корпорациясы – Қазақстан нарығына алғаш рет инвестиция құйып отыр және бұл геологиялық барлау жобасынан басталмақ. Жоба CNOOC пен ҚМГ-ның бірлесіп жүзеге асыруымен іске асады. Барлау кезеңінің шығынын CNOOC өзі қаржыландырады.

Жоспарланған жұмыстар:

  • 400 шаршы шақырым аумақта 3D сейсмикалық барлау (дала жұмыстары, деректерді өңдеу және интерпретация);
  • 400 шақырым тарихи 2D деректерін қайта өңдеу;
  • Тұзүсті қабатынан бір барлау ұңғымасын бұрғылау (2000 м);
  • Егер 3D деректер оң нәтиже берсе, тұзасты қабатынан тереңдігі 4500 м болатын екінші ұңғыма бұрғылау (тәуелді кезең).

China National Offshore Oil Corporation — мұнай мен газды барлау және өндіру саласында әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. CNOOC 20-дан астам елде ірі халықаралық жобаларға қатысады.

Үш бірдей күрделі жобаға келісім жасалды. Энергетика министрлігі тікелей келіссөздер қорытындысы бойынша «Жылыой», «Аққұдық» және «Солтүстік-2» учаскелерінде көмірсутек шикізатын барлау және өндіруге арналған үш келісімшарт жасалғанын хабарлады. Жобаларға жоспарланған барлау кезеңіндегі инвестиция көлемі шамамен 23,7 миллиард теңге.

Аталған учаскелерде:

  • 550 шаршы шақырым аумақта 3D сейсмикалық барлау;
  • Жалпы ұзындығы кемінде 7 шақырым болатын 3 тәуелсіз барлау ұңғымасы;
  • Жалпы ұзындығы кемінде 5 шақырым болатын 2 тәуелді ұңғыма бұрғылау көзделіп отыр.

«Жылыой» учаскесінде 4,5 км тереңдікке дейін тұзасты қабатына бұрғылау мүмкіндігі де қарастырылуда. QazaqGaz жобаларында қазақстандық «ҚазАзот» және «Нефтяная компания «КОР» компаниялары серіктес ретінде қатысады.

2023 жылдың соңында «КОР» компаниясының жиынтық активтері 20,9 млрд теңгеге дейін азайған (2022 ж. – 21,7 млрд). Ал бөлінбеген пайдасы 22,3 млрд теңгеге дейін өскен. 2023 жылы компания 8,7 млрд теңге таза пайда тапқан (2022 ж. – 9,4 млрд), ал табысы 26,2 млрд теңге болған (2022 ж. – 29,3 млрд).

Компанияда келесі келісімшарттар бар:

  • Қызылорда облысындағы Ащысай кен орнында көмірсутек барлау және өндіру (2028 ж. 15 қаңтарына дейін);
  • Қарағанды облысындағы Шығыс Қараваншы кен орнында барлау және өндіру (2028 ж. 13 қыркүйекке дейін);
  • Қызылорда облысындағы Бастау кен орнында өндіру (2027 ж. 7 наурызға дейін).

zhasalash.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-21
Утром-12.18 ℃
Днем-8.51 ℃
Вечером-10.4 ℃
Ночью-12.01 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра2.11 м/с
2026-01-22
Утром-13.48 ℃
Днем-8.59 ℃
Вечером-10.41 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.49 м/с