Мүлік салығы: қашан төлеу керек, қалай тексереміз және кешіктірсе не болады

2025 жылғы 2 қазаннан бастап мүлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға салықтық берешек туралы хабарлама жіберіледі.

Ашық дереккөзден

2025 жылғы 26 маусымда Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі биылғы 1 қазанда аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құны негізінде есептеледі. Бұл құнды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтайды және меншік иесінің нақты иелену мерзіміне байланысты болады.

«Салық кодексіне сәйкес, алдағы төлемдер туралы хабарламалар биылғы шілде айында меншік иелеріне жолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға мүлік салығы бойынша алдағы төлемдер туралы PUSH-хабарламалар жіберіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 2 қазаннан бастап мүлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға салықтық берешек туралы хабарлама жіберіледі.

Салықты келесі жолдармен төлеуге болады:

  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы;
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
  • «Электрондық үкімет» порталы арқылы;
  • банктердің бөлімшелерінде қолма-қол ақшамен;
  • төлем терминалдары және банкоматтар арқылы, банк картасын пайдаланып.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-22
Утром20.71 ℃
Днем29.82 ℃
Вечером31.48 ℃
Ночью26.7 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.53 м/с
2026-07-23
Утром24.65 ℃
Днем30.55 ℃
Вечером26.66 ℃
Ночью30 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.56 м/с