БҚО тұрғыны брокерлерге 26 млн теңгеге аударған

Олардың біреуін әйел сотқа берді.

Ашық дереккөзден

Сырым аудандық соты жергілікті тұрғынның ер адамға «негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы» талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы маусымда «анықталмаған адам ауыл тұрғынының 26 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшасын заңсыз иемденді». Осы соманың 300 000 теңгесі жауапкердің банктік шотына аударылды. Ал талапкер тиісті қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылды.

— Сот талапкердің Binance және Kaspi Profit онлайн-платформаларының пайдаланушысы болып табылатынын анықтады. 2024 жылғы 27 маусымда ол өз шотынан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жауапкердің шотына 300 000 теңге сомасын аударды. Бұл транзакциялар тиісті банктік үзінді көшірмелермен расталады. Сот талапкердің қаражатты аударуы жауапкердің ешқандай қысымынсыз немесе мәжбүрлеуінсіз ерікті екенін атап өтті. Сондай — ақ, талапкерді Binance платформасында тіркеу криптовалюта сатып алу операцияларына қатысу үшін өз бетінше және саналы түрде жүргізілгені анықталды, — деп түсіндірді сотта.

Ұсынылған дәлелдемелер негізінде сот жауапкер адал әрекет етті және талапкерден алынған ақшаны оның мүддесі үшін криптовалюта сатып алуға жіберді деген қорытындыға келді. Тараптар арасындағы криптовалютаны сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылмаған және мәміле нысанасының болуы расталған. Жауапкердің талапкерге қатысты алаяқтық әрекеттер жасағаны туралы куәландыратын фактілерді сот анықтаған жоқ. Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жалпы, БҚО тұрғыны түрлі брокерлерге 26 млн теңге аударған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-12.89 ℃
Днем-10.61 ℃
Вечером-10.85 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-23
Утром-13.57 ℃
Днем-11.93 ℃
Вечером-15.34 ℃
Ночью-19.53 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.36 м/с