Осы жылы қандай декларация тапсырасыз?

Қазір бұл жүйе барша халыққа ортақ талапқа айналды.

minber.kz

2025 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі толық күшіне енді. Бұл дегеніміз – 18 жасқа толған әр азамат енді өзінің мүлкі мен табысы туралы мемлекетке есеп беруге міндетті, деп жазады ozgeris.info

Бір қызығы, көпшілік бұл жүйенің әлі де бар-жоғына күмәнмен қарайды. «Ол баяғыда тоқтаған жоқ па?» немесе «Тек шенеуніктер ғана тапсыратын еді ғой?» деген сұрақтар жиі кездеседі. Жоқ, тоқтаған жоқ. Керісінше, қазір бұл жүйе барша халыққа ортақ талапқа айналды.

Салық маманы Балжан Бақытқалиқызының айтуынша, декларациялаудың екі кезеңі бар.

«Біріншісі – 250.00 нысаны, бұл табыс пен мүлік туралы алғашқы есеп. Ол өмірде бір-ақ рет тапсырылады. Мұнда өз атыңызда тіркелген барлық мүлікті көрсетуіңіз керек: үй, көлік, жер, банк шоттары, шетелдегі активтер. Егер үй ішінде нарықтық құны жоғары заттар – мысалы, жиһаз, өнер туындылары немесе қымбат коллекцияларыңыз болса, олар да есепке алынады», дейді ол. 

2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін бұл нысанды барлық 18 жасқа толған азамат тапсыруы қажет. Жас шектеуі жоқ: 100 жасқа келген зейнеткер де, грантпен оқып жүрген студент те бұл талаптан тыс қалмайды. Заң сондай.

Егер уақытында тапсырмасаңыз не болады?

«Мемлекеттік кірістер органы жеке кабинетіңізге ескерту жібереді. Бірақ көп адам оны күнде қарап отырмайды. Сөйтіп, ескертуге мән берілмей, салдары қиын жағдайларға әкелуі мүмкін. Мысалы, банк шоттарыңыз бұғатталып, тіпті зейнетақы немесе шәкіртақы тоқтап қалуы ықтимал»,  дейді Балжан ханым.

Осыны ескеріп, декларацияны ертерек тапсырған жөн. Оның бірнеше жолы бар: Е-Salyk мобильді қосымшасы арқылы, ХҚКО-да салық инспекторының көмегімен немесе жеке бухгалтер арқылы тапсыруға болады.

Бұл – тек бір рет тапсырылатын есеп. Ал келесі жылдан бастап жыл сайын 270.00 нысаны, яғни табыстар мен шығындар туралы декларация тапсырып отыру қажет.

Желіде «8 миллион қазақстандық декларация тапсырмай-ақ қоюына болады» деген жаңсақ ақпарат тарап жүр. Бұл тек 270.00 декларациясына қатысты жеңілдік. Ал 250.00 нысанын бәрі міндетті түрде тапсыруы тиіс.

«Жаңа жылды бұғатталған банк картасымен қарсы алғыңыз келмесе, декларациялау туралы ақпаратпен қазірден танысыңыз. Ол сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз үшін маңызды», деп кеңес береді салық маманы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-12.89 ℃
Днем-10.61 ℃
Вечером-10.85 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-23
Утром-13.57 ℃
Днем-11.93 ℃
Вечером-15.34 ℃
Ночью-19.53 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.36 м/с